Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » «Союз ФГ» ғарыш кемесінің бөлшектері табылмай жатыр

«Союз ФГ» ғарыш кемесінің бөлшектері табылмай жатыр

Апатқа ұшыраған «Союз ФГ» ғарыш кемесінің бөлшектері табылмай жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Союз-ФГ» зымыран тасымалдағышының ұшу траекториясы бойынша ғарыш кемесінің екінші және бірінші сатылары құлауы мүмкін Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аудандарының аумақтары зерттелді. Нәтижесінде ғарыш кемесінің бөлшектері табылған жоқ», - деді ТЖК баспасөз қызметінен.
Ведомство ақпаратына қарағанда, зымыран тасымалдағыштың бірінші және екінші сатылары құлауы мүмкін аумақты зерттеу жұмыстары кеше кешкісін сағат 20-00-де аяқталған.
«Мұнан арғы шараны «Роскосмос» мамандары мен комиссия жүргізетін болады», - деп атап өтті комитеттен.
Айта кетейік, кеше 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді.
Осы күні түс ауа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ғарышкерлердің дін-аман табылғанын, екінші сатысы Жезқазғаннан 30-35 шақырым жерге құлауы мүмкін екенін айтқан еді.
Сонымен қатар ол Ғарыш кемесі апатын Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық комиссиясы тексеретіндігін атап өтті.
Бұған дейін ТЖК баспасөз қызметі бөлшек құлаған жерде радиоактивті және химиялық ахуал нормаға сай екендігін хабарлаған болатын.
14 қазан 2018 ж. 323 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031