Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде 40 келі қойды 111 рет көтерген 18 жастағы қыз көпшілікті таңқалдырды

Семейде 40 келі қойды 111 рет көтерген 18 жастағы қыз көпшілікті таңқалдырды

Семейде нәзік иықтарымен 40 келі қойды еш кедергісіз көтеретін қыз тұрады. Ол - Айым Нұржанова. Жасы нәбәрі 18-де, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айым Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Биотехнология» мамандығының екінші курс студенті. Жас қыз бір күннің ішінде қазнеттің жұлдызына айналамын деп ойламаған. Барлығы аяқ астынан болған. Қалада өткен «СемейАгро-2018» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесіне Айым өзінің құрбыларымен бірге көрмені тамашалауға келеді.
Айта кетейік, дәстүрлі көрмеде отандық сүт, нан өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, асыл тұқымды жылқы, қазақтың ақбас сиыры, ұсақ мал түрлері қойылды. Шетелдермен байланыс орнатып, тәжірибе бөлісуге бағытталған жәрмеңкеге Қазақстаннан өзге Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Беларусь сияқты бірқатар мемлекеттердің тауар өндірушілері де келді.
Көрме барысында ұйымдастырушылар қой көтеруден жарыс болатынын хабарлап, қатысуға ниеті бар жиналғандарды тіркелуден өтуді сұрайды. Мұны естіген Айым бағын сынап көруге шешім қабылдайды. Мұның да себебі жоқ емес. Анасы Салтанатқа сыйлық жасағысы келген екен.
«Біз үйде 5 қызбыз. Анам 27-ші қыркүйек отбасымыз 25 жыл күткен ұл баланы дүниеге әкелді. Сондықтан мен анама қалжа ретінде қойды ұтып алып, тарту еткім келді. Сондықтан жарысқа қатысуға ниет таныттым. Қасымдағы құрбыларым қолдау көрсетті»,-дейді Айым.
Айым бұрын-соңды ауыр салмақ көтеріп, сынға түсіп көрмеген. Бірақ 15 жасынан бастап қызығушылық ретінде құлтемір көтерумен, жеңіл атлетикамен айналысқан. Жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін тек оқу үлгеріміне көңіл бөлуді жөн көрген.
Қой көтеру жарысына 14 адам қатысқан. Ал азаматтармен сынға түсуге шыққан Айымды көргенде жиналғандар оның батыл әрекетіне ризашылық танытып, қолдау көрсеткен. Ол салмағы 40 келі болатын қойды 22 минутта 111 рет көтерген. Осылайша екінші орынға ие болған. Ал бірінші орынды 185 рет көтерген Марат Оразбаев алса, үшінші орынды 170 рет көтерген Әлихан Арғынбек есімді жігіт алған.
«Мен қыз бала болған соң маған екінші орынды берді. Қойды көтеріп, жүлдеге ие болғаннан кейін ата-анама хабарластым. Олар таңқалып, менің денсаулығыма алаңдады. Бірақ кейіннен қуанышты екендерін айтып, құттықтады».
Айым спорттан бөлек, өнерге де жақын. 2011-2016 жылдар аралығында Риддер қаласының музыка мектебінің домбыра үйірмесін аяқтаған ол ән айтып, домбырада күй ойнағанды жақсы көретінін айтады. Сонымен қатар «Позитив Семей» жайдарман тобының ойыншысы. Жас қыз болашақта өзін кино саласынан көргісі келеді.
08 қазан 2018 ж. 2 430 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930