Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда балабақша меңгерушісі бақшаға келмеген балаларға да мемлекеттен ақша алып келген

Қазалыда балабақша меңгерушісі бақшаға келмеген балаларға да мемлекеттен ақша алып келген

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облыстық сотының үкімімен жекеменшік балабақшаға қатысты тағы бір істің нүктесі қойылып, балабақша меңгерушісінің жазасы тағайындалды.
Қазалы ауданындағы жекеменшік балабақшаның меңгерушісі балабақшаға келмеген 58 баланы ай сайын тіркей отырып, әр балаға мемлекеттен бөлінетін қаражаттан жыл көлемінде 7 млн 932 мың теңгені жеке пайдасына жаратқан. Басты сот талқылауында куәлік еткен ата-аналардың айтуынан анықталғандай,  тізімде әлдеқашан мектепте оқып жүрген балалар да бар.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 3 бөлігінің 1) тармағымен айыпталған бұл ауыр қылмысы үшін балабақша меңгерушісіне  6 жылға  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, балабақша есебіне негізсіз аударылған қаражатты қайтаруға міндеттелді.
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру, талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану саласында  46 қылмыстық іс болған. 36 істің өндірісі аяқталып, мемлекетке келтірілген залал көлемі 319,5 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың өткен жылы 17 фактісі анықталған.  Оның ішінде, дәл осы «Балапан» бағдарламасы бойынша 10 қылмыстық іс бар.
10 наурыз 2020 ж. 1 179 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 133

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 143

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 146

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 146

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 151

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031