Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Қазалы аудандық сотымен ҚР ҚК 106- бабы 3-бөлігімен қарастырылған А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда сотталушы А. алкогольді мас күйінде жәбірленуші Н-ны көшеде кездестіріп, «сен неге менің әкеме балағат сөздер айтып қатты сөйлейсің» деп ашуланып, қалтасынан пышағын шығарып, пышақпен жәбірленушінің сол жақ бүйір тұсына бір рет тығып дене жарақатын салған. Нәтижесінде, жәбірленуші Н. денсаулығына келтірілген ауыр зиян салдарынан бірнеше күннен кейін қайтыс болған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындаған. Сонымен бірге, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптары және істегі іс құжаттары, сондай-ақ, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен А. ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
22 сәуір 2019 ж. 2 173 0

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 69

Компания көлік сыйлады

23 мамыр 2025 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031