Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Рұқсаттың қажеті жоқ": министр адам ағзаларын алуға қатысты түсініктеме берді

"Рұқсаттың қажеті жоқ": министр адам ағзаларын алуға қатысты түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заң аясында адам ағзаларын алу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің заң бойынша әр азамат көзі тірісінде жазбаша түрде донор болудан бас тартса, онда органдарын алмайды. Басқа жағдайда егер жазбаша бас тартқаны туралы қағаз болмаса, ол адамның ағзаларын алуға заң жүзінде рұқсат етіледі", - деді Біртанов журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, бүгінде донорды күтіп жүрген науқастар көп. Ал қазіргі норманың арқасында біраз адамның өмірін сақтап қалуға болады.
"Бірақ кейде туған-туыстар сотқа береді. Неге бізден рұқсат алмай, ағзаны аласыз деп шағымданады. Негізі, заң бойынша рұқсат алудың қажеті жоқ. Адам тірі кезінде қарсы екенін жазып кетуі керек. Мысалы, бүгінде цифровизация аясында емханаға тіркелгенде әр азаматқа донор болуға келісесіз бе, әлде бас тартасыз ба деп ұсыныс жасалады. Көп азаматтар келіседі. Біз осыны пайдаланып, басқа адамдардың өмірін сақтап жүрміз", - деп атап көрсетті Біртанов.
alashainasy.kz

26 шілде 2019 ж. 846 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930