Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Авиакомпания Қызылорда облысында болған әуе оқиғасын жасырып қалған

Авиакомпания Қызылорда облысында болған әуе оқиғасын жасырып қалған

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті әуеде жұмыстарды орындау үшін «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға берілген куәліктің қолданысын уақытша тоқтатты.

«Авиациялық апатты жасырғаны үшін мән-жай анықталып, тексеру өткізілгенге дейін Азаматтық авиация комитеті «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға 2017 жылдың 3 наурызы күні авиациялық жұмыстарды орындау үшін берілген № KAZ-02/039 куәлігінің қолданысын уақытша тоқтатты», - делінген мәліметте.

Онымен қоса, Ан-2 ұшағын басқарған командир А.Т.Абдуәлиев пен екінші пилот А.Д.Елеусізов ұшуларды орындаудан шеттетілді. «Белгілі болғандай, 2019 жылдың 2 шілдесі күні «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға тиесілі UP-А0199 тіркеу нөмірі бар Ан-2 ұшағы Қызылорда облысының Шаған ауылында авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған. Қону кезінде ұшақтың алдыңғы бөлігіне қарай аударылуына жол берген. Адамдар және ұшақ зардап шеккен жоқ», - деді ведомствода.
05 шілде 2019 ж. 979 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 570

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 017

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031