Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұшқыштар қанша жалақы алады?

Қазақстанда ұшқыштар қанша жалақы алады?

2017 жылы әуе көлігі жүргізушілерінің орташа жалақысы 316,9 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Аталған көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,5% өсті. Әуе компанияларының жетекшілері өткен жылы шамамен 1,8 млн теңге көлемінде жалақы алған болатын.
Бөлім жетекшілерінің жалақысы — 866,3 мың теңге, ұшақтардың ұшуына жауап беретін жетекшілер — 338,9 мың теңге, авиациялық отрядтың инженерлері — 131 мың теңге, борт инженерлері — 760,8 мың теңге, инженер-авиациялық қызметтің инженерлері — 379,9 мың теңге және Еңбек пен техника қауіпсіздігін күзететін инженерлердікі — 177,7 мың теңге болды.
Әуе кемелерін эксплуатациялайтын авиациялық техниктер орташа есеппен — 168,1 мың теңге, әскери ұшақты басқаратын ұшқыштар — 171,7 мың теңге, авиациялық ұшқыштар — 991,3 мың теңге, штурмандар — 667,4 мың теңге, аэродром диспетчерлік пунктінің диспетчерлері — 149,2 мың теңге, бортмеханиктер — 339,9 мың теңге көлемінде жалақы алды.
Ал бортсеріктер — 289,7 мың теңге, жанғыш-майлағыш материалдар бойынша авиациялық техниктер — 190,4 мың теңге, жүк ұшақтарының бортоператорлары — 536,4 мың теңге, бортрадистер — 589,2 мың теңге көлемінде жалақы алды.
baq.kz
24 қаңтар 2018 ж. 2 766 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 149

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 132

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30