Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаттығу – жанға дауа

Жаттығу – жанға дауа

Бүгінгі таңда “Шынықсаң шымыр боларсың” деген сөздің шынайылығына толықтай көз жеткіздік. Алайда ғалымдар мен зерттеушілер спортпен айналысудың денсаулық үшін пайдасы орасан екенін қанша мәрте дәлелдеп берсе де еріншектікке салынатындар баршылық. Бұған жаттығу орталықтары мен спорт ойындарына арналған алаңдардың аздығы әрі қолжетімсіздігі де кедергі болып отырғаны жасырын емес. Дей тұрғанмен қазіргі таңда аталған мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанын айту керек.

Елдің Тұңғыш Президенті “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын 30 процентке жеткізуді тапсырған болатын. Бұдан кейін облыс, қала, аудандар мен ауылдық округтерде көпшіліктің қызығушылығын тудыратын нысан бой көтеріп, алаңдар жасақтала бастады. Жақында кент орталығындағы – “Мелиоратор” мөлтек ауданынан пайдалануға берілген жаттығу алаңы соның бір көрінісі.

Әйтеке би кентінің оңтүстік шығыс беткейіндегі бұл екі қабатты көп пәтерлі 23 үйде үш жүзден астам пәтер орналасқан. Бірнеше жылдан бері тиісті сала өкілдерінің күш салуымен келбеті әрленген мөлтек ауданда 1550 тұрғын тұрады. Солардың бос уақытын қауіпсіз және тиімді өткізуін қамтамасыз ету, физикалық тұрғыда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ашылған бұл спорт алаңы қазірдің өзінде күніне ондаған келушілерге қызмет етуде. Әйтеке би кенті әкімдігінің есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Сейтекеннің айтуынша, тұрғындар жаңа нысанға дән риза.

– 2019 жылы «Мелиоратор» мөлтек ауданын бұқаралық спорттық алаңмен қамтамасыз ету жұмыстарына аудандық бюджеттен 6,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «ҚазалыСтройСервис» серіктестігі мердігер мекеме деп танылды. Жоба бо­йынша тиісті жұмыстар толық атқарылып, пайдалануға берілді.

Біз үшін азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануы, сол арқылы денсаулығы мықты болғаны маңызды. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстар кенжелеп қалмақ емес, – дейді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда бұқаралық спортпен айналысушылар саны 28 процентті құрайды. Мұнда 30-дан астам спорттық жасанды алаң бар. Оның басым бөлігі 2011-2013 жылдары елді мекендерді әмбебап жасанды жасыл алаңмен қамту бағдарламасына сәйкес салынған. Жеке­меншік әріптестік негізінде Әйтеке би кентіне жаттығу залы мен бассейн салу жос­парлануда.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

07 маусым 2019 ж. 1 549 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930