Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарға құрмет

Қарттарға құрмет

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым аман саумысың?!» акциясы барысында тыл және еңбек ардагерлерінің тұрмыс жағдайларымен танысу мақсатында қарт аналармен кездесу болып өтті. Аталған шараға аудандық партия филиалының консультанты Иманалиева Гүлдәрі мен аудандық партия филиалының сарапшысы Кенжалиева Алтынай қатысып, ардагерлердің ахуалымен танысты.
Нұротандықтар партия жобасы аясында ұйымдастырылған шара барысында Әйтеке би кенті Жалдыбай жырау көшесі № 2 үйдің тұрғыны еңбек ардагері Нагимова Ұлмекен мен Сәтбаев көшесі № 108 үйдің тұрғыны, тыл ардагері Мухиова Баршаның отбасында болды. Кездесу барасында тыл және еңбек ардагерлерінің тыныс-тіршілігімен таныса отырып, қарт аналардың өткенінен өнеге алатындай естеліктер айтылды. «Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген біз секілді қариялар азайып бара жатыр. Осылай барымызда бағалап, жағдайымызды сұрап, елеп-ескеріп жатқандарыңызға рахмет. Қарттарына қамқорлық көрсетіп, өз қанатының астына алып, ел бейбітшілігін ойлап отырған Елбасына да, ақ жаулықты ана деп ардақтап жатқан сіздерге де рахмет»-деп ақ батасын берді батыр ана Барша Мухиова. Ардагердің жағдайымен танысып, өтініш-тілегін тыңдаған аудандық партия филиалының консультанты Гүлдәрі Тасболатқызы айтылған өтініштердің орынсыз қалмайтынын, талап-тілектер тиісті орындар арқылы шешілетінін жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
24 қаңтар 2018 ж. 1 135 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031