Парызын адал атқарғандар

Нұрболат Өтеген, таулы атқыштар дивизиясы:
– Оқу орынын аяқтаған соң әскери борышымды өтеуім керек екенін түсіндім. Себебі жауға қарсы найза мен қылыш асынып, асқан ерлік көрсеткен ата бабаларымыз өмір сүрген кез артта қалса да, ел қорғауға дайын болуым керек деп ойладым. Көп ұзамай таулы атқыштар ротасына қабылдандым. Онда соғыс жағдайында таулы аймақтарда жауға қолданылатын күрес тәсілдерін меңгердім. Тастан тасқа секіріп, жүгіре жүріп атысу амалдарын оңай үйрендім. Ең біріншіден жаудың шашырай ұшқан оқтарынан қорғануды басты назарда ұстау қажет. Алдымен бізге осы және басқа да ұрыс тәсілдерінің тактикалық негіздерін оқытты.
Таулы өңірде жау әскері күтпеген тұстан кезігіп қалуы мүмкін. Өйткені адам жасырынатын тастар мен жоталар өте көп. Сондықтан таулы атқыштар дивизиясында борышын өтейтін азамат ең біріншіден қырағы болуы тиіс деп ойлаймын.
Әскери борышын өтеген адамның бойында нағыз ер азаматқа тән қасиеттер толысады. Әрине сыртта жүргенде ауылды, туған-туысты сағынасың. Бірақ әскерде жақындарымның тыныштығы мен бейбіт өмір сүруі үшін жүргенімді ұғынғанда біраз жеңілдеп қалатынмын.
Сабыржан Қуаныш,
сапёр:
– Ақтау қаласында қызмет еттім. Сапёрлер ротасында болғандықтан әр күнім қызық пен қауіпке толы еді десем артық айтқандық болмас. Себебі металліздегіш арқылы белгілі бір аумақты шарлап шығамыз. Жарылғыш зат табылса оны залалсыздандырамыз. Ол кез келген адамның қолынан келмейтіні анық. Осы бағытта 3 ай арнайы оқу курсын тәмамдадым.
Сапёрлер қорғаныш киімін киеді. Соғыс жағдайы енгізілген уақытта белгілі бір нысан аумағында жарылғыш миналардың көптеген түрі болуы мүмкін. Олардың арасында тоқ сымдарын қию арқылы залалсыздандыру және қауіптілігін жою қиынға соғатын да жағдайлар кездеседі. Ондай миналарды арнайы құрал арқылы 200 метр қашықтықтан жаруға тура келеді. Бұдан бөлек басқа да әскерилер секілді соғыс шеберліктерін үйрендім. Өйткені негізгі міндетіміз залалсыздандыру екеніне қарамастан жарылғыш зат орналасқан маңда жау әскері де болуы ғажап емес.
Қазіргі таңдағы жастардың әскери борышты өтеуге құлықсыздығы алаңдатады. Мен онда міндетті түрде баруға кеңес беремін. Себебі әскері мықты мемлекеттің әлемдік аренадағы абыройы қашанда биік болады.

Мұқтар Сәрсен,
шекаралық көлік жүргізуші:
– «Мемлекеттіліктің басты қажеттілігі – оның тиісті шекарасының болуы. Шекараның тұтастығын сақтау – азаттықты сақтау». Бұл сөз біздің ұрнамызға айналды. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын ел болғандықтан, шекарамыздың ұзындығы, табиғи жағдайы сан түрлі. Бір аймақта қатты ыстық, екінші бөлігі алты айға созылар ақ бораны мен үскірік желі титықтатқанымен, ауа райынан бөлек басқа да қиындықтар шекарашылар үшін өздерінің алдарына қойған қасиетті міндеттерін абыроймен орындауға кедергі бола алмайды.
Мен Тараз қаласында, еліміздің Қырғызстан Республикасымен шектесетін тұсында борышымды өтедім. Ондағы алғашқы күндерім оқу курстарынан басталды. Күніне 12 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуіміз керек. Қиналып, жабырқағанымды жасырмаймын. Дегенмен уақыт өте сондағы жігіттермен бір үйдің баласындай болып, үйренісіп кеттік.
Кейіннен шекарашылар жасағын тиісті жерге жеткізетін жүргізуші қызметін атқардым. Әскерилерді шекара бұзушыларды іздестіруге апарып тастаймын. Олармен бірге мамандандырылған иттер де жүреді. Шекара бұзылған жерге тосқауыл жасағын қояды. Бұл қылмыскердің кері шекарадан өтіп кетпеуі үшін жасалады.
Үш айдан кейін нарядқа ауыстым. Онда қару түрлерін қолдану, граната лақтыру сияқты соғыс тәсілдерінің бәрін меңгердім. Мұндай дайындық пен төзімділікке қазақтың барлық жігіті қалыптасар болса, біздің елдің әскерінен артық армия болмас еді деп ойлаймын.

Пікірлескен
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ