Тарихи тұлғаларды тығырықтан шығарған жауаптар

Илька Чейз vs Белгісіз актриса
Актриса: Маған сіздің кітабыңыз өте ұнады. Оны сізге кім жазып берді? Чейз: Сізге ұнағанына қуаныштымын. Ал оны сізге кім оқып берді?
Роберт Бенчли vs Формадағы адам
Бенчли: Кешіріңіз, маған такси шақырып бере аласыз ба? Формадағы адам: Мен сізге қызметкер емеспін. Мен Әскери Теңіз Флотының адмиралымын.
Бенчли: Адмирал? Онда крейсер шақырыңыз!
Джеймс Макнейл Уистлер vs Оскар Уайльд
Уистлердің әзілінен кейін
Уайльд: Бұл әзілді мен айтайын дегенмін.Уистлер: Айтарсыз, Оскар, міндетті түрде айтарсыз.
Эрнест Хемингуэй vs Уильям Фолкнер
Фолкнер: Эрнест, мен оқырман түсінбей қалатын ешбір сөзді қолданбаймын. Хемингуэй: Байғұс Фолкнер. Сіз, расында, күшті эмоцияны ақылды сөздерден шығады деп сенесіз бе?
Уинстон Черчилль vs Бернард Шоу
Шоу: Мен сіз үшін премьераға екі билет алып қойдым. Өзіңізбен бірге досыңызды да ерте келіңіз. Досыңыз болса, әрине. Черчилль: Премьераға бара алмаймын. Бірақ келесі сеансқа барамын. Егер ол болса, әрине.
Мириам Хопкинс vs Аноним орындаушы
Әнші: Білесіз бе? Мен дауысымды 50 мың АҚШ долларына сақтандырып қойдым.Хопкинс: Керемет. Ал дауысыңыз сол сомаға тұрарлық па?
Вольфганг Амадей Моцарт vs Жас музыкант
Жас музыкант: Моцарт, мен симфония жазуды ойлап жүрмін. Оны қалай бастау керек екенін айтып жібересіз бе? Моцарт: Симфония – өте күрделі музыкалық форма. Оңай құрылымнан бастаңыз. Сосын біртіндеп симфония жазуға үйреніңіз.
Жас муызкант: Бірақ, Моцарт, сіз 8 жасыңыздан симфония жаздыңыз емес пе?
Моцарт: Иә, бірақ мен оны ешкімнен сұрамаған едім.
Кельвин Кулидж vs Ақ үйдегі кешкі астың қонағы
Қонақ: Кулидж мырза, мен досыммен сізді әңгімеге тарта аламын деп бәстестім. Сіз шынымен сөзге шорқақсыз ба? Кулидж: Сіз жеңілдіңіз.
Оскар Уайльд vs Льюис Моррис
Моррис: Маған қарсы қастандық ұйымдастырылып жатыр. Үнсіздік қастандығы. Енді мен не істеуім керек? Уайльд: Қосылыңыз.
Нильс Бор vs Тілші Бор үйдегі есігінің үстіне таға қағып жатқан еді.
Тілші: Сіз осы тағаның сәттілік алып келетініне сенесіз бе?Бор: Әрине, жоқ. Бірақ мен оған сенбейтіндерге де бақ алып келетінін естігенмін.
Авраам Линкольн vs Шетелдік елші Линкольн бөлмесінде өзінің аяқ киімін тазалап жатқан еді.
Елші: Линкольн мырза, сіз бәтеңкеңізді өзіңіз тазалайсыз ба?
Линкольн: Иә, ал сіз кімнің аяқ киімін тазалайсыз?
Сенатор Фриц Холлингс vs. Генри Макмастор
Оппонент өзінің есірткіні пайдалану тестінен өтуі керектігін білген соң айтқаны.Холлингс: Мен есірткі тестінен өтуін өтемін-ау, бірақ алдымен сіз IQ тестінен өтуіңіз тиіс.