Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көгілдір отынның көкжиегі кеңеюде

Көгілдір отынның көкжиегі кеңеюде

Бүгінде Қазалы халқы Тәуелсіздіктің толымды тартуы саналатын көгілдір отын игілігін көруде. Ауданның инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Бейнеу – Шымкент» магис¬тральды газ құбырының құрылысы аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында меморандум жасалып, акционерлік қоғамның инвестициялық қаржысы есебінен құбыр жүргізілген мекенде жақсы іс көпшілікке қуаныш сыйлап отыр.

Алғаш 2015 жылы 383,7 шақырым газ құбырларын жүргізу жоспарланса, оны жүзеге асыру мақсатында 3 газ реттеу және 42 шкафты газ реттеу пункті орнатылып, жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі 8132 тұрғын үйдің 6215-і, яғни 76 проценті желіге қосылған.
Үстіміздегі жылы кенттің газ құбырлары жартылай жүргізілген және шығу нүктесінен тыс қалған 24 көше мен 173 тұрғын үйді бейімдеу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 155 531,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүзеге асуда. Өкініштісі, әзірге аудан орталығынан тыс мекендер табиғи отынды тұтына алмай отыр.
Аудан әкімінің бас жоспарында белгіленгендей, алда газ құбыры ауылдық жерлерде де жалғануы көзделген. Ол үшін, алдымен, құбыр бойында орналасқан, болашағы бар елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету шарасы қолға алынбақ.
Қазалы қаласын газдандыруға байланысты жоба әзірлеуге об¬лыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан тиісті 32,0 млн теңге қаржы бөлінген. Қазір «ЮгГазПроект» ЖШС тарапынан жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде.
Тиімді отын тезірек жететіндер қатарында кентке іргелес жатқан Ғани Мұратбаев ауылы бар. Мұндағы жобаның сметалық құжаттары да мемлекеттік же¬ке меншік әріптестігі аясында “ЮгГазПроект” ЖШС мекемесі демеушілігі есебінен әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, облыстық бюджетке қар¬жыландыруға ұсынылған. Құрылыс құны – 239,5 млн теңгені құрайды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазалы қаласынан көлемі 81 гектар жер учаскесіне салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде қарастырылған газбен жабдықтау жұмысына жеңімпаз болып “Компания ГазСтрой” ЖШС мекемесі танылды. Мердігерлер құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ қосымша көлемі 180 гектар жер учаскесіне салынатын тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен жұмыстар жүзеге асуда.
Ал, Әйтеке би кентіндегі ауданы 210, 180 гектар жер учаскесінде тұрғызылатын тұр¬ғын үйлерге таратылатын газды “Ремстрой” ЖШС, Әйтеке би – Басықара автожолы бағыты бойында орналасқан алаңы 56 гектар жер учаскесінде бой көтеретін тұрғын үйлерге құбыр тартуға “Нұр-Талап и К” ЖШС мекемесі жеңіп алды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Аудан әкімінің өткен жылғы халық алдында берген есебіне зер салсақ, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатында жүзеге асқан көгілдір отынды пайдалану – әр отбасының тұрмыстық әлеуметтік жағ¬дайының түзелуіне, қоршаған ортаны жақсартуға әсер ететін негізгі фактор. Оның айтуынша, газдың ауданға тартылуы, шығындарды азайтып қана қоймай, кәсіпкерліктің кең өріс алуына өз ықпалын тигізуде.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметтеріне жүгінсек, коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысандарды табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етудегі алдағы жылдары атқарылар істер ауқымын кеңіте түспек.
Жергілікті тұрғындарды көгілдір отынмен қамту деңгейі артып, газдандыру жұмыстары жалғасын табатын болса, өңіріміздің даму көрсеткіші өрістеп, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол ашылмақ.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

03 мамыр 2019 ж. 1 405 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031