Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері және мемлекеттік аппараты кәсібилендіру бойынша алда тұрған міндеттері туралы

Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері және мемлекеттік аппараты кәсібилендіру бойынша алда тұрған міндеттері туралы

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тлеукенов туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшіні қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Оның өмір стилі «сапа», ал қағидасы – «өзін - өзіжетілдіру» болуы тиіс».
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру 2018 жылғы Мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада басты мақсат болып айқындалған.

Бұл құжат Мемлекет басшысымен мақұлданды және қазіргі уақытта біз оны іске асыруға кірістік.
***
Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызметі тұрақтылығымен және ауысудың төмендеңгейі менерекшеленеді.

Соңғыекі жыл ішінде кадрлардың кету көрсеткіші 6,2%-дықұрайды, ал теріс себептер бойынша ауысу 4,6%-ға қысқарды (2017 жылы 346 адамнан 2018 жылы 330 адамға дейін).

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша таза ауызсу деңгейі 1,4% құрады (98218-ден 1354).
Бұл көрсеткіш соңғы 3 жыл ішінде оң тұрақты болып қала береді (2018 жылғы 1 тоқсан – 1,5%, 2017 жылғы 1 тоқсан – 1,6%).
Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейінің тұрақты көрсеткіші байқалады, оған сәйкес 92%-ның жоғары білімі бар.

Бұл ретте, есепті жылы 2017 жылмен салыстырғанда «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының үлесі 13%-ға (2017 жылы 505-тен 2018 жылы 570-ке дейін), Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің үлесі 3%-ға (2017 жылы 740-тан 2018 жылы 760-қа дейін) өсті.
***
2018 жылы жүргізілген халықтың тәуелсіз әлеуметтік сауалнамасы респонденттердің 60%-дан астамы мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдардың сапалық құрамын жақсарту және арттыру туралы пікірмен келісетінін көрсетті, ал мемлекеттік қызметшілердің 80%-ы іріктеу процесінің объективтілігіне жоғары баға берді.

Атап айтқанда, біз әрбір лауазым үшін сараланған үміткерлердің әлеуетін анықтауға баса назар аудара отырып, құзыреттілік бойынша тестілеу бағдарламасын жаңғырттық.

Қолданылатын психометриялық құралдар кандидаттардың дұрыс жауаптарының деңгейін анықтайды, оның оң мәні кемінде 50%-ды құрайды.

Әңгімелесудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ашықтық тетіктері енгізілді: үміткерлерге конкурсқа қатысуға бақылаушыларды тартуға, бейне, аудио-жазба жүргізуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, ашық түрде кандидаттар үшін типтік сұрақтар жарияланды.

Меритократия қағидатын нығайту және мемлекеттік қызметке іріктеу сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар үміткерлердің
тестілеу өткізу тәртібін бұзуының анықталған әрекеттерінің санын 3,5 есеге арттыруға, және конкурстық іріктеу рәсімдерін бұзу санын іс жүзінде жартысын азайтуға мүмкіндік берді.
***
Мемлекеттік қызметке жеке сектордан, оның ішінде үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған кәсіпқойларды тарту мақсатында Агенттік «тез жалдау» тетігін енгізетін болады.

Осы құралды пайдалана отырып, мемлекеттік органдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша конкурстанты негізде тәжірибелі және креативті мамандарды тағайындай алады.
***
Мемлекеттік қызметшілерді кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша біз министрліктер мен комитеттердің аппараттарында өңірлерде жұмыс тәжірибесі бар кадрлар жеткіліксіз деген қорытындыға келдік.

Бұл ретте олардың қызметі өңірлік деңгейде іске асырылатын саясатты әзірлеумен байланысты.

Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдардың салалық құрылымдық бөлімшелеріне облыстық, аудандық немесе ауылдық деңгейде тәжірибесі бар қызметкерлерді тарту туралы талап заңнамалық түрде бекітілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік саясат саласында қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында «орталық-өңір» қағидаты бойынша орынауыстыру практикасы күшейтілетін болады, яғни жоғары мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңірлерге тәжірибе алу үшін бағытталатын болады.

Өз кезегінде өңірден орталыққа қызмет бабымен алға жылжыған мемлекеттік қызметкерлер санының артуының оң үрдісі байқалады.

Бұл көрсеткіш 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 32%-ғаөсті (2017 жылы 5 186-дан 2018 жылы 6 826-ға дейін).

Бұл ретте, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында төмен тұрған лауазымдардан жоғары тұрған лауазымға ауысқанадамдардың үлесі артты және ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша тағайындалған адамдардың жалпы санының 62,7%-ын құрады (2018 жылдың 1 тоқсанында - 60,6%).
***
Есепті кезеңде Агенттік мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санаттарын әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсартубойыншазаңнамалықжұмыстардыбастады.

Осылайша, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық деңгейдегі атқарушы лауазымдарға таратылады.

Бұл жас мемлекеттік қызметкерлерге көтерме жәрдемақы мен жеңілдікті тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Кадрлық ұтқырлықты арттыру мақсатында ротацияланатын қызметшілерге көтерме және тұрғын үй төлемдерін енгізу, сондай-ақолардың балаларына арналған балабақшаларда орын беру көзделеді.
***
Қызметшілерді кәсібилендірудің ажырамас бөлігі Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдары базасында қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі болып табылады.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін саяси қызметшілерге арналған «жаңа формация басшысы» бағдарламасы және «А» корпусының лауазымына тағайындалғандарға арналған арнайы қайта даярлау курстары дайындалды.

Өткен жылы магистратураның жаңа практикалық-бағытталған бағдарламалары іске қосылды («Сандық мемлекеттік басқару», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» және «Мемлекеттік саясат және құқық»).

2018 жылы ғана жобалық менеджментке 5 000-ға жуық қызметкер оқытылды, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 3 мыңнан астам (3239) мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтті
***
Агенттік үшін өткен және ағымдағы жылы да негізгі міндет бірқатар мемлекеттік органдар мен өңірлер депилоттық режимде жүргізілетін еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесінің тиімділігін зерделеу болып табылады.

Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған жұмыс тобыпилоттық жобаны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірледі, өз кезегінде мемлекеттік органдар жаңа жүйе бойынша төлемді қаржыландыру көздерін айқындауды жалғастыруда.

Қазірдің өзінде бюджетке түсетін жүктемені азайту жолдары белгіленді.
Бірінші дереккөз – мемлекеттік мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану.
Екінші дереккөз – ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру.

Бұл жұмыстар Үкімет бекіткен Мемлекеттік органдардың штаттық саны мен шығыстарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.
***
Агенттіктің келесі басым міндеті мемлекеттік қызметшілердің еңбек тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметінде бизнес-процестерді жетілдіру болып табылады.

Бірінші кезекте, қайталанатын функцияларды алып тастау, басқару буындарын қысқарту, жекелеген бөлімшелерді орталықтандыру тұрғысынан басқару құрылымдары қайта қаралатын болады.

2018 жылы үш әкімдікті трансформациялау жүргізілді (Нұр-сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола обл.), оның барысында басқармалар, басшылық құрам саны қысқартылды, персоналды басқарудың бірыңғай қызметтері құрылды.

Бұл шаралар елорда әкімдігіне шамамен 22,5 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, Ақмола облысында басшылық лауазымдар мен атқарушы қызметтердің арақатынасы екі есе қысқарды, Алматы қаласының әкімдігінде персоналды басқарудың орталықтандырылған қызметі құрылды және 6 басқарма таратылды.

Бірыңғай процестерді орталықтандыру және автоматтандыру мемлекеттік органдарды кертартпа жұмыстан арытлтып, олардың әлеуетін стратегиялық міндеттерге шоғырландыруға мүмкіндік берді.
***
«Қызметтер үшін адам емес», «қызметтер адамға арналған» қағидаты бойынша сервистік мемлекетті құруға көшу арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Бүгінгі күні бюджеттен қаржыландырылатын белгілі бір жұмыс түрлері, атап айтқанда жолдарды жөндеу, көшелерді тазалау, жылу, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және т.б. халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді, бірақ оларда «мемлекеттік қызметтер» мәртебесі жоқ.

Осыған байланысты, ағымдағы жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды тұжырымдамалық қайта қарау, сондай-ақ «қоғамдық маңызы бар қызметтер» ұғымын енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен халық арасындағы «сенім көпірінің» құрылысы Нұр-Сұлтан қаласындағы 109 және 112 қызметтерінің мысалы бойынша фронт-кеңселер мен жедел әрекет ету жүйелерін құру жолымен жалғасатын болады.
МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
24 сәуір 2019 ж. 849 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 80

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 81

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930