Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар

Тәуелсіздік жылдары жүйелі жүргізілген реформалар нәтижесінде елімізде халықаралық сарапшылардың оң бағасын алған мемлекеттік қызмет моделі қалыптасты. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Себебі мемлекеттік қызмет – адам өмірінің айнымас бір бөлігі. Дамыған елдерде ол азаматтар мен мемлекет арасындағы әріптестік қарым-қатынастың барометрі саналады.
Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік қызмет көрсету саласында түбегейлі өзгерістер болды. Бұл жетістіктердің негізгі арқауы – Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілерді халыққа қызмет етуге бейімдеуге бағытталған саяси жігері. Қазақстандағы мемлекеттік қызмет реформасын жоғары бағалаған халықаралық сарапшылар «А» басқарушылық корпусының құрылуын және саяси мемлекеттік қызметшілер санының қысқартылуын меритократия принциптерін күшейту және мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жолындағы маңызды шара деп санайды.
Бүгінгі таңда нормативтік-құқықтық база құрылды: 2012 жылы Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы қабылданып, ол 2013 жылы күшіне енді. Мемлекет басшысының 14 Жарлығы, ҚР Үкіметінің 1 Қаулысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 18 нормативтік-құқықтық актісі қабылданды. 2015 жылы «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі құрылды. Бұл жүйе онлайн режимінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық ақпараттарды алуға, кадр қызметтерінің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.
ҚР Президентінің 2016 жылғы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ретінде қайта құрылды. Агенттіктің ведомствосында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, облыстарда, Астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық органдары бар.
Мемлекеттік қызметтегі басты ұстаным – халыққа қызмет көрсету болуы тиіс. Өйткені халық қашанда бәрінен биік тұрады. Бұл салада еңбек ететін әрбір адам күш-жігерін халықтың игілігіне жұмсап, елге қолайлы жағдай туғызуы керек. Осы орайда «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады» деген Елбасы сөзі әрбір мемлекеттік қызметші үшін, әсіресе, жастар үшін басты қағидаға айналуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық шаралар да ұдайы өткізіліп тұрады. Оның ішінде спартакиадалар салауатты өмір салтын таңдауға көмектесіп, патриоттық рухтың жеке үлгісіне дәлел бола алады.
Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет дамуының қозғау¬шы күші. Қазіргі уақытта оларды әлеуметтік қорғау мен ынталандыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2016 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жос¬парын іске асыру барысында облыс орталығынан тек ротация бойынша қызметке тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге арналған 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік қызметшілерге мұндай қолдау еліміз бойынша тек Қызылорда облысында ғана көрсетіліп отыр. Уақытпен санаспай жұмыс істейтін жандар үшін баспана мәселесінің оң шешімін табуы – құптарлық қадам, оң бастама.
Қоғамның кез келген саласында кадр мәселесінің маңызы зор. Әсіресе, мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың білімді де білікті болуы мемлекеттік қызмет сапасының артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы айрықша көңіл бөліп отыр. Өйткені еліміздегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты. Ал әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы – мемлекеттік қызметкер. Сондықтан ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі де мерейлі міндет. Олардан еліне абыроймен қызмет атқарып, халықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарту жолында күш-қайратын жұмсау талап етіледі. Елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру, өз халқы үшін қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт.
Берік КЕРУЕНБАЕВ,
Қазалы аудандық сотының жетекші маманы.
31 шілде 2018 ж. 2 599 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930