Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын болашаққа жол

Жарқын болашаққа жол

Елбасы, Қазақстанның тұңғыш президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елдігімізді айқындап, шекарамызды шегендеп, талай қилы кезеңдерден аман алып шықты. Қазақ елін күллі әлемге паш етті, ел еңсесін тіктеді. Міне, осындай көреген басшының салиқалы ісін жалғау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қадамға барып отыр. Әрі сайлаудың әділ өтуіне өзі кепіл болады. Бұл дегенің демократиялық үдерістердің біздің елде барынша көрініс беруі деген сөз. Демек, Қазақстандай Орталық Азиядағы көшбасшы елде бәрі демократиялық жолмен шешілуі қажет. Еліміз көркейіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білек сыбана жұмыс жасауды тоқтатпауымыз керек. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш.

Тарихи таңдау тұсында Сіз бен біз қателеспеуіміз әрі жаңылмауымыз шарт. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы партияның орталық аппаратында келелі кездесу өткізді. Кездесу барысында Н.Ә.Назарбаев елдегі болып жатқан соңғы саяси жағдайлар мемлекетіміздің дамуына өзіндік оң динамика беретіндігіне өз сенімін білдірді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сәуірдегі үндеуі арқылы президент сайлауын жариялауы, барлық заңдылықтарға сәйкес келетіндігін атап өтті. Бұл саяси додаға "Nur Otan" партиясы да өз кандидатын ұсынатындығын жеткізді. Партияның кезекті XVIII съезінде берілген бірқатар тапсырмалардың орындалуына байланысты жұмыстар атқарылуда. Партияның жаңа жобалары елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына жұмыс жасайтын болады.

Бұл тарихи маңызы бар және мемлекет үшін аса жауапты, сондай-ақ қажет шешім болып отыр. Өйткені, Мемлекет басшысы атап өткендей, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Сондықтан іргесі мығым, біртұтас мемлекеттің бүгінгі жеткен жетістігін, әлеуметтік тұрақтылығын, әлемдік деңгейін сақтап қалу үшін ел Президентін ертерек сайлап алған дұрыс. Түрлі сын-қатерлерде Елбасының сындарлы саясатын нық ұстап, әрі қарай дұрыс бағытта елімізді дамыту жолында тағдырлы шешімге жұмыла атсалысуымыз қажет.

Жалпы, бұған дейінгі Президенттік сайлауларға қазақ елі жұмыла атсалысып, саяси науқан кезінде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білді. Міне, сол үрдіспен бұл жолғы сайлауды да ынтықпен өткізіп, Қазақстан мемлекетін қарышты дамытуға үлес қосайық!
Қасқырбек МӘМБЕТЖАН,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

17 сәуір 2019 ж. 1 344 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930