Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 сәуір - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні

15 сәуір - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні

Қазақстанда бүгін «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні. Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш мерекені көбіне мектеп, колледж сияқты білім шаңырақтары атап өтеді.

Елімізде бұрын ғашықтар күнін көпшілік 14 ақпандағы «Әулие Валентин» күнімен байланыстыратын. Десе де, соңғы жылдары ғашықтар мерекесін «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күнінде тойлап кең тарап келеді.

Өткенге көз жүгіртсек, бұл күнді атап өту осыдан 20 жыл бұрын басталған деген деректер бар. Алайда бұл күнді «Ұлттық ғашықтар күні» ретінде атап өту 2011 жылдан басталғаны туралы да мәліметтер кездеседі.

2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы бұл күнді өздерінің ресми шараларының қатарына қосқан екен. Осы жылдан бастап-ақ өңірлер ғашықтар күнін кең ауқымда атап өте бастады. Ал 2012 жылы Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниткалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық «Ақсүйек» ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауығын ұйымдастырды. Алматыда бір жылдары осы мереке қарсаңында үздік «Махаббат жұбы» да белгіленіп жатты.

Тыңнан қосылған атаулы күн - ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мереке дәстүрге айналып келеді.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу - шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген ғашықтар. Сарыбай мен Қарабай аң аулап жүріп құдаласады. Бұл екеуінің ұл-қыздары кейін махаббат жолында түрлі қиыншылықтарды бастан кешеді. Жақсылық пен жамандық, дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббат тарихы осы адалдықтарымен құнды.

Ендеше, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі еліміздің жастарын ұлттық ғашықтар күнімен құттықтайды.
15 сәуір 2019 ж. 4 341 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930