Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зұлымдық жайлаған түн

Зұлымдық жайлаған түн

Соңғы уақытта Алаштың есігінен еніп, төріне шығып жатқан жаңалықтар жетерлік. Соның бірі, елді «ала тайдай» шулатып жүр­ген хэллоуин мейрамы. Желіккен жастар жақтап, үлкендер жағының жағасын ұстатып жүрген бұл мереке бұрын көбіне Астана мен Алматы қаласының түнгі клубтарында, кафе-барларында өтетін. Биыл сол үрдіс бұзылып, еліміздің басқа да аймақтарында бел ала бастады.
Сонау көк мұхиттың ар жағындағы Америкада пайда болған мерекені әлемнің Канада, Шотландия, Англия, Ирландия секілді ірі мемлекеттері де атап өтуді сәнге айналдырған. Жалпы, хэллоуин мерекесі тұрғысында не білеміз? Соған қысқаша тоқталсақ.
«Сайтанға табыну күні» деп аталып кеткен мереке көбіне 31 қазан күні өткізіледі. Бұл күннің тарихына үңілсек, ол сонау хрис­тиандық дәуірге дейінгі кезеңде Англия мен Ирландия, Франция жерлерінде өмір сүрген кельт атты халықтың ескі жылмен қоштасып, жаңа күнді қарсы алу түні екен. Олардың жыл санауы қыс және жаз болып екіге бөлінген. Олар күнді өздерінің ең жоғары құдайы деп есептеген. Түсініктері бойынша, күн құдайы қыс мезгілінде өлілердің патшасы Самхэйннің тұтқынында болады-мыс.
Кельттер тура 31 қазан күні Самхэйн деп аталатын өздерінің мерекесін тойлаған. Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының аяқталғанын және ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше мәнге ие. Кельттер пұтқа табынушылар болған. Мұнымен қоса, бұл күні мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сенген. Сондықтан да кельттер әруақтар сияқты киініп алып, арғы беттен келетін тылсым күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып тамақ сұрап жүретін болған.
Мұнымен қоса, дәл осы күні Ирландияның сол кездегі Тару атты бас қаласында барлық жауынгерлер жиналып, той жасайтын болған.
Хэллоуин сөзінің мағынасы «мереке қарсаңындағы күн» дегенге келеді. Олай дейтін себебі, IX ғасырда III Папа Григорий барлық әулилер күнін тойлауды 13 мамырдан 1 қарашаға ауыстырған. Мереке қарсаңындағы күн 31 қазан болып белгіленген. Яғни, бұл күн қайта тірілетін әулиелерді қарсы алуға дайындық күні. Кейін келе хэллоуин мерекесі жынойнаққа айналады. Асқабаққа адамның көзі мен аузын, мұрнын ойып салып, ішіне жанып тұрған шырағдандар орнату сәнге енген. Мұнымен қоса, үй-үйді жағалап тәттілер сұрайтын, өлілер кейпіне еніп, көшелерге шығып, адамдарды қорқытатын да бөлігі бар. Кей статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемдегі зорлық-зомбылық, түрлі қылмыстар мен адамдарды көптеп өлтіру дәл осы күні бел алады екен.
Көрші Ресей, Малайзия мемлекеттерінің Хэллоуинге заң жүзінде тыйым салғаны көпшілікке белгілі.
Қазақта «ауру мысқылдап кіріп, батпандап шығады» деген бар. Жастар арасында белең алып бара жатқан қызығынан шыжығы көп мереке де қазақ қоғамына тереңдеп еніп кетпесе дейміз. Әулие Валентин күні немесе ғашықтар мерекесі дегеннен көп болып құтыла алмай жүргенде, қылмысқа толы хэллоуиннің қазақ қоғамын қырық пышақ етіп қоймасына кім кепіл?
Дайындаған
Е.ТАБЫНБАЕВ
13 қараша 2018 ж. 1 710 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930