Бұрынғы жігітінің тойына келіп, оның аяғына жығылған ару желіні шулатты (видео)
Видеодан күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісіне айқайлап, оны қуып жіберуге тырысып жатқанын байқауға болады.
Қытайда қалыңдық көйлегін киіп алған қыз бұрынғы жігітінің үйлену тойына келіп, шу шығарды. Бойжеткен ер азаматтың аяғына жығылып, оның қайтадан өзіне оралуын сұраған, деп хабарлайды nur.kz.
Қытайлық бойжеткен шаңырақ көтеріп жатқан жұптардың маңызды сәтінде тойдың шырқын бұзған.
Видеодан күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісіне айқайлап, оны қуып жіберуге тырысып жатқанын байқауға болады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ер азамат бойжеткенмен мінездері сәйкес келмегендіктен айырылысқан.
«Бұның бәріне мен кінәлімін», - деді бойжеткен.
Ал нағыз қалыңдық екеуінің арасындағы әңгімеге шыдай алмай, салтанат залынан шығып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, үйлену той сол жерден тоқтаған.