Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы мол болсын десеңіз...

Қаржы мол болсын десеңіз...

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бip мақсат – ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше – көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре aлмаyыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес.

Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар…
Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы – машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді.
Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.
Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе бipeyгe жасатқаныңыз жөн.
Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн.
Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз.
Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары – банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар – “қара үңгірлер” үйге келген кірістің бәрін тартып кетеді. Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе ішіне міндетті түрде бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз. Үстел үcтіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан.
Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: “Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін” деп айту керек.

Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.
Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіріледі. Әмияныңыз жыртылмаған, әрі таза терілерден жасалынғаны болуы керек. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз абзал.
Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Келесі ақшаны шақыратын болады.
Қалай да болса қолдан келерлік ережелер… Ұстансақ мүмкін біздің де қалтамыз қалыңдар. Не дегенмен қазір көп нәрсе ақшаға келіп тірелуі – ақиқат.

03 сәуір 2019 ж. 2 083 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930