Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй шаруашылығына керекті кеңестер...

Үй шаруашылығына керекті кеңестер...

♡ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз. ♡ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. 
♡ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.  
♡Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.  
♡ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. 
♡ Алтын əшекейіңізді тазалай алмай жүрсіз бе?  Ыдыс жуатын сұйықтыққа салып 15 минутқа қою керек. Сосын жұмсақ шүберекпен сүртіп аласыз.  
♡ Жаңа джинсиіңіздің өңін бермегенін қалайсыз ба? Тұзды суға салып қойыңыз. 
♡ Күрішті қайнатып жатқан суға, 1 ас қасық сірке суын құйсаңыз - аппақ əрі езілмей піседі.  
♡ Күріштің аппақ жəне езілмеу үшін оны қайнап тұрған тұздалған суға сала отырып, бірнеше тамшы лимон шырынын немесе суда ерітіп алынған лимон қышқылын қосыңыз. 
♡ Ашылған қызанақ пастасын сақтау үшін, қақпағына құрғақ қышаны салу керек. 
♡ Қызылша 3 - 3,5 сағат қайнайды. Оны тез қайнату үшін 1 сағат қайнатып, сосын оттан алып, 10 минутқа салқын ағын суға қою керек. Қызылшамыз дап - дайын.  
♡ Егер сіз жас балғын екеніне күдіктенген болсаңыз, шамамен 10 см сыйымдылықта су құйыңыз да, жұмыртқаны салыңыз. Балғын жұмыртқа жатып қалады. Ал жұмыртқанының бір жағы көтерілсе оларды бірінші пайдалану қажет. 
♡ Кофені қатты қайнатуға болмайды. Дəмі жəне хош иісі жойылады. Егер сіз қатты қайнатып алсаңыз, тез арада кофе қайнатқышты оттан алып, бірнеше тамшы суық су құйыңыз.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 260 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930