Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Стартап жобалары жүзеге асуда

Стартап жобалары жүзеге асуда

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Smart city тұжырымдамасы бойынша Қызылорда облысында 37 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Өңір «Ақылды басқару» бағытында пилоттық аймақ ретінде таңдалған. Осы ретте Қызылордадағы ІТ-парк жастардың өз бизнесін ашып, стартап идеяларын іске асыруына жол ашып отыр.

21 жастағы Әділет Әли робототехникалық ойларын осы ІТ-паркте жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр. Ол жылжымалы смарт-отау жобасы бойынша еңбектеніп жүр. Бұл мал және егін шаруашылығына өте ыңғайлы баспана әрі транспорт түрі болмақ.

«Смарт қараша үй өзі жүріп-тұрады. Егінге, шаруашылыққа көп пайдасы бар. Киіз үйді жинап, әр жерге тігіп жүрмейді. Өзінің платформасының үстінде тұрады. Керекті жеріне апарады. Бәрін телефон арқылы басқаруға болады. ІТ-паркке келеміз, ой бөлісеміз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, көп көмегі тиіп жатыр», - дейді жас ғылыми ізденуші Әділет Әли.

«Бұл – жылжымалы метеостанция. Өзі жүріп, жүрген жерінің температурасы мен ылғалдығын өлшей алады. Болашақта бұны әлі де дамыту туралы ойым бар. Мысалға, радиация өлшеу. Осы ІТ-паркке келіп ой жинап, көптеген идеялар алып жүрмін», - дейді жас ғылыми ізденуші Темірлан Хамзат.

3D жүйесімен жұмыс істеуді меңгеріп жүрген жастар жобаларының қолдау тапқанын қалайды. Жалпы, ІТ-паркте 10-нан астам өнертапқыш ғылыми-техникалық еңбекпен шұғылданып жүр.

«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлер мен ІТ-мамандарды ортақ іске жұмылдыру. Қаржысы бар, бірақ жоспарын жүзеге асырушылары жоқ бизнесмендер көп кездеседі. Сондай-ақ нақты жобасы бар, қаржылай қолдауға зәру жастар баршылық. Сол қос тарапты үндестіріп, үйлестіріп жіберсек, бизнестің дамуына септігін тигізер едік», - дейді жоба үйлестірушісі Александр Конзуровский.

Қазіргі таңда аймақта смарт-менеджмент, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, көлік, қауіпсіздік және бизнес саласында тың жобалар жүзеге асырылу үстінде. Осы ретте ІТ-парктегі коворкинг аймағы, телестудия және 3D принтер құрылғыларында жасалған жобалардың тиімділігі арта түседі.
28 наурыз 2019 ж. 1 196 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031