Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Түсіңізде нәресте көру қандай мағына білдіреді?

Түсіңізде нәресте көру қандай мағына білдіреді?

Дүниеге сәбидің келуі кез келген ата-ана үшін үлкен қуаныш. Әйелдер қауымының көбі нәрестені тек жақсылық нышаны ретінде көреді. Алайда түсіңізде нәресте көрсеңіз, бұл не білдіреді? novoston сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ нәресте көргенде түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсті дұрыс жору үшін оны бүге-шүгесіне дейін есте сақтауға тырысу керек.

Егер тұрмысқа шықпаған бойжеткен түсінде нәресте көрсе, бұл оның жуырда отбасын құрып, бала сүйетінін білдіреді.

Негізінен түсіңде бала көру өмірдегі өзгерістер жайлы хабардар етеді. Егер ұл бала болса, бұл мансабыңыз жоғарылап, шығармашылық және қаржылық жетістікке жететініңіз.

Қолыңызда нәресте ұстап тұрған болсаңыз, көкейіңізде жүрген жоспарлар іске асады, танымайтын адамдар сізге қол ұшын созады деген сөз.

Ал қыз бала түсіңізге кірсе, бұл шабытыңыз артып, жаңа адамдармен танысып, саяхатқа баратыныңызды білдіреді.

Түсіңізде бала емізсеңіз, іскерлік өмірде табыс күтіп, армандардың орындалуы, тұрмысқа сәтті шығатыныңызды көрсетеді.

Ал түсіңізде өлі нәрестені көрсеңіз, бұл жоспарларыңыз іске аспай, ақша жоғалтып, қиындықтарды білдіреді.

Шақалақты киіндірген болсаңыз, денсаулығыңыз нығайып, отбасыңызда шаттық орнайды. Ал ұйықтап жатқан сәби - алдағы уақытта өміріңізде бәрі тұрақты болатынын білдіреді.
28 наурыз 2019 ж. 452 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031