Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұбайыңыз жұмыстан ашулы келсе...

Жұбайыңыз жұмыстан ашулы келсе...

Елжас ЕРТАЙҰЛЫ
«Үндемеген үйдей бәледен құтылады» дейді дана халқымыз. Иә, бұл сөздің тереңге бойлаған мағынасын түсініп, өмірімізді сәндеуіміз қажет. Нақтырақ айтар болсам, жұбайлар арасы қарым-қатынаста ескерілуі керек, жадымыздан шығармай, есте сақталуы тиіс керемет сөз дер едім.
Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасылық өмірде жұбайлар арасындағы түсініспеушіліктер кейде ұрысқа айналып жатады. Немесе, өмірлік жарыңыз жұмыстан ашулы келді делік, тиісетін адам іздеп, жарылғалы тұр. Не істейміз? Көп жағдайда оның ашуынан тұтанып, біз де ашуға басамыз. Екі ашу қосылып, үлкен ұрыс туындатады. Және де, соңы ренішке айналып, сезімдеріміз әлсірей бастайды. Ал, бұл тығырықтан шығу үшін не істесек болады? Сіздерге «ҮНСІЗДІКТІҢ ЖЕҢІСІ» атты әдіс ұсынбақпын.
«Үнсіздіктің жеңісі» әдісі үндемей құтылу дегенді білдіреді. Үндемеу дегенімімді сөйлемеу деп емес, ашуланбау деп түсініңіздер. Яғни, жұбайыңыз ашуға басқан кезде сіз сабырлы қалпыңызды сақтаңыз, оның ашуынан тұтанып, сіз де ашуға баспаңыз. Оның ашуын басуға тырысыңыз немесе басылуын күтіңіз. Мысалы, ашуды отқа ұқсатсақ, сабырлы бола алуды суға ұқсатуға болады. Жұбайыңыз от болып жанған кезде сіз де от болып жансаңыз, екі от қосылып, үлкен өрт шығады. Одан да жұбайыңыз от болып жанған кезде, сіз су болуға тырысыңыз. Су болып өртті сөндіріңіз!
Қазақта «ашулану» сөзі мен «жындану» сөзі мағыналас болып келеді, қатар қолданылады. Яғни, ашуланған адамды жындыға теңейді. Ашуланған адамның ақылы істен шығып, жындылар санатына қосылады. Өзінің іс-әрекеті мен сөздерін бақылап, қадағалай алмайды. Сондықтан да, жындымен бірге жынды болмаңыз. Жұбайыңыз ашуға мініп, жындының тірлігін істеп жатқан кезде, сіз өз қалыпыңызды сақтауға тырысыңыз, жұбайыңыздың өзіне келуін күтіңіз.
Егер де «үнсіздіктің жеңісі» әдісін қолдансаңыз, оның 3 пайдасын көре аласыз:
1. Жұбайыңыздың ашуы тезірек басылады. Өйткені, жалғыз ашулану, жалғыз ұрысысу қызық емес. Мысалы, боксты ойлап көріңізші. Рингке шыққан боксшыға қарсыласы еш жауап қайтармаса, соққылары жауапсыз қалса, оның да бокстасуға деген қызығушылығы азайып кетпейді ме? Сол секілді, жұбайыңыз да ашуланудан ерте бас тартады.
2. Ашулы кезінде сіз жауап қайтармағандықтан, ол өз қатесін тезірек түсінеді.
3. Қатесін түсінгені үшін, уақыт өткізбей, келіп кешірім сұрайды.
Ал егер, екеуіңіз бірге ашуға мінсеңіздер, онда ұрыс-керіс ұзаққа созылады. Ұрыс аяқталған соң, екінші кезең басталады: Кінәліні анықтау кезеңі. Яғни, екеуіңіз бір-біріңізді кінәлауды жалғастырасыздар, өз қателеріңізді түсінулеріңіз кешігеді. Сондықтан да, бір-біріңізден кешірім сұрау қажеттілігі сезінбейсіздер. Ал, бұл әрекет сезімдеріңізді әлсіретеді.
Қысқасы, ашу – дұшпан, ақыл – дос. Жұбайлар арасы қарым-қатынаста да ашудың дұшпандығына алданбай, ақылымызбен дос болып, адам деген атымызға сай әрекет етуіміз қажет.
18 қаңтар 2018 ж. 2 634 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930