Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс электронды түрде қаралды

Қылмыстық іс электронды түрде қаралды

Қазалы аудандық сотына Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы Р.-ға қатысты қылмыстық іс электронды нысанда түсті. Іс сотқа түскен күні қаралып, өз шешімін тапты. Іс бойынша барлық тергеу әрекеттері электронды нысанда жүргізілген.
Ескере кететін жайт, 11 қаңтарда тіркелген теріс қылық бойынша шешім небәрі бес күн ішінде қабылданды.
Электронды қылмыстық істі жүргізу барысында қылмыстық сот ісін жүргізуде сандық технологиялар енгізіліп, қағаз айналымы қысқарады, ашықтық қамтамасыз етіледі, бұрмалау мүмкіндігі жойылып, процессуалдық шығындар азаяды, уақыт үнемделетін болады.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
18 қаңтар 2018 ж. 1 900 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30