Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ерлік жасады". Алматыда ер адам үш баланы өлімнен құтқарып қалды

"Ерлік жасады". Алматыда ер адам үш баланы өлімнен құтқарып қалды

Алматыда жанып жатқан екі қабатты жатақхананың маңынан өтіп келе жатқан ер адам үш баланы құтқарып қалды. Оқиға 11 наурызда, дүйсенбі күні кешке, Жетісу ауданы Первомайский көшесінде болды. ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов пен ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. Өрт бірінші қабаттағы бөлмеден шығып, шатырға жайылған. Өрттің аумағы - 80 шаршы метр. 
Өртсөндірушілер келгенше терезеден көмек сұрап жатқан адамдардың дауысын естіген 1994 жылғы Дүйсен Нұрқанат көмекке жүгірген.  "Оның батылдығы арқасында бөлмедегі адамдар аман қалды. Нұрқанат қара түтінге қарамастан, алты және үш жасар балаларды көтеріп алып шықты. Ал 2018 жылы туған үшінші баланы анасы есеңгіреп тұрып, терезеден лақтырып жібергенде қағып алды. Кейін әйел екінші қабаттан секіріп тірі қалды. Оны жатақхана тұрғындары ұстады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Нұрқанат Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында байланысшы болып жұмыс істейді. Атағы - қатардағы жауынгер. Ол енді ерлігі үшін марапатталады.
12 наурыз 2019 ж. 1 389 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930