Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп директорларының жалақысын көтеруге тырысамыз – министр

Мектеп директорларының жалақысын көтеруге тырысамыз – министр

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп директорлары мен меңгерушілердің жалақысын 30% өсіруге уәде етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мектеп директорлары мен меңгерушілері «біз шетте қалып қойдық» деп жатыр. Олармен бірге әдістемешілер де... Алдын ала есеп бойынша барлығы қамтылды, дегенмен бізде категориялар өте көп. Уақыт тығыз болғандықтан Қаржы министрлігімен бірге «алдымен мұғалімдердің айлығын өсірсек» деген шешімге келдік. Себебі бұл мәселе қиындап кеткен болатын. Біз енді мектеп директорлары мен меңгерушілердің жалақысын көтеруге тырысамыз», - деді Ерлан Сағадиев.
Егер бұл мүмкін болмаса министр әкімдерге шығатынын айтты.
«Бұл - жаңа бастама. Негізгі сома республикалық бюджеттен бөлініп келді. Ал жергілікті әкімдер үшін бұл сондай көп ақша емес. Елімізде 7 мың директор мен меңгеруші бар болса, әр облыста 500-600 адамнан. Мен әкімдерге «олардың да жалақысын 30% көбейтуге тырысыңыздар» деп айтамын. Мұнымен өзім айналысамын. Ал әдістемешілерге қатысты бұл мәселені жайлап шешетін боламыз», - деді ол.
Назерке Абибулла
baq.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 557 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 29

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 64

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 105

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 57

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 56

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031