Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адами капитал – жаңғыру негізі

Адами капитал – жаңғыру негізі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі жаңа Жолдауымен таныстым. Елбасының мұғалімдерге баса көңіл аударуы, еңбегімізді шынайы бағалауы біз үшін зор мәртебе. Оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқытуға көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақысын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап біліктілігіне қарай 30-50 пайызға дейін көтеру туралы да атап өтті. Шыны керек, бұл жаңалыққа ұжым болып бір жасап қалдық.
Жолдауда қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде екендігі де айтылған. Бұл бағытта біз еліміздің бас педагогының нақты тапсырмаларымен жұмыстар жасап жатырмыз. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшіп жатырмыз. Бұл үдеріс Елбасының пәрменімен 2021 жылы мәресіне жетпек.
Қазіргі таңда оқушыларға берілетін тапсырманың ауырлығы көпшілікті алаңдататын жағдай-тұғын. Елбасы бұл мәселені де Жолдауынан қалыс қалдырмағаны көңіл қуантады. «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек», деді ол. Сонымен бірге Қазақстан Президенті білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажеттігін атап өтті. Осы орайда еліміздің барлық өңіріндегі оқушыларды ғылымға тарту үшін тиісті жағдай жасау керектігіне тоқталды.
Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы мен үшін үлкен жауапкершілік пен жетістікке жетудің алғышарты іспеттес. Сондықтан, біз мұғалімдер аталмыш тапсырмалардың толық деңгейде орындалуына белсенді түрде атсалысамыз. Біздің тарапымыздан жасалатын жұмыстар да ел келешегі үшін өз жемісін береді деген сенімдеміз.
Азиза ӘДІЛБАЕВА,
№266 мектеп-лицей директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
10 қаңтар 2018 ж. 3 733 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 49

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 44

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031