Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сабақты сырласу сағаты

Сабақты сырласу сағаты

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде ардагер ұстаз К.Мергенбаеваның ұйымдастыруымен 5 сыныптың ата-аналары, оқушылары және мұғалімдерінің қатысуымен «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында сырласу сағаты өткізілді.
Бұл шара танымдық, интеллектуалдық жағынан ерекше болды. Сырласу сағатын оқушылар басқарып, үш тілде жүргізді. Жиналғандарға технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бесінші сынып оқушыларының өз қолымен жасаған бұйымдарынан көрме және 2018 жылдың сән үлгілері көрсетілді. «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында сынып жетекшілері құрастырған бейнеролик ұсынылды.
«Кәдеңізге жараса...» атты бала тәрбиесіне, әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер жазылған қолдан құрастырылған шағын кітапша таратылды. Оқушылар ата-аналарына жақсы көретіндерін айтып, беттерінен сүйіп, гүл шоқтарын ұсынды. Ұстаздар басшылығымен күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі кездесетін түрлі жағдайлар туралы қысқаша қойылым көрсетілді.
Бес бірдей қатарлас сыныптың бес ата-анасы баласымен бірге сахна төрінде отбасындағы қалыптасқан дәстүр, тәртіп, киелі, қасиетті дүниелер – рухани байлық жайлы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Ал, балалар болса риясыз көңілмен өзін-өзі тану пәнінен үйренген әдептілік ережелері туралы баяндап, ата-аналарына әлемдегі ең керемет әке, ана, әже екенін айтып, қанаттарын жайып бауырына енгенде көрермендер айрықша әсерге бөленді. Оқушылар «Бақытты отбасы» әнін шырқап, ата-аналары мен ұстаздарын биге шақырып, ілтипат көрсетті. Шаттық шеңберін жасап, бір- біріне ақ тілектерін ақтарды.
Кеш соңында мектеп-лицей директоры К.Нақан сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Үміт ОЙРАТ.
23 ақпан 2018 ж. 2 166 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930