Қазақстанда Galaxy S10 сатылымы көктемде басталады

Galaxy S10 шығарылымы жаңа технологиялық дамытылған Dynamic AMOLED дисплейімен, жаңа буын камерасымен және интеллектуалды функциялармен жабдықталған.
Galaxy S10 экранында, тері пішінін үш деңгейде анықтайтын, саусақ іздері ультрадыбыстық сканері орнатылған. Нейронды процессорлы, аса тұрақтандырғышы бар және өте кең объективке ие жаңа жүйелі камералар кәсіби фото және видеолармен қамтамасыз ете алады. ИИ-технология тұтынушылардың әдеттерін зерттеп, функциялардың тиімділігін арттыра отырып, смартфондардың жұмысын оңтайландыруда.
Қазақстанда смартфондарға алдын ала тапсырысты 21 ақпаннан 6 наурызға дейін жасауға болады. Алдын ала тапсырыс бойынша ең алғашқы жаңа тауар иелері Galaxy Buds сымсыз құлақаспаптарын сыйға алады. Ол үшін арнайы сайтта көрсетілген ақпарат бойынша алдын ала төлемді жүзеге асыру қажет. Ресми сатылымдар 8 наурыздан басталады. Алдын ала тапсырыс бойынша сатып алушылар құрылғыларға 2 наурыздан бастап ие болады.
Сондай-ақ, Қазақстанда ішкі жадысы 1 Тб және оперативкасы 12 Гб, сериясы шектеулі (1000 дана) GalaxyS10+ керамикалық нұсқасын сатып алуға болады. Арнайы серияны алдын ала тапсырыспен алу мүмкіндігі қарастырылмаған, бұл смартфондардың сатылымы негізгі модельдердің сатылымынан соң басталады.
Жаңа тауарлар «аквамарин», «оникс» және «перламутр», сондай-ақ, «қара керамика» мен «ақ керамика» (Galaxy S10+ керамикалық нұсқасы) түстерінде қолжетімді болады.