Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сиыр еті деп тауық пен шошқа етін жеп жүрміз

Сиыр еті деп тауық пен шошқа етін жеп жүрміз

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы қаласындағы сауда нысандарында өнім маркасында көрсетілген қоспалар қосылмаған өнімдердің сатылып келгенін анықтады. Ең өкініштісі, ол өнімдердің барлығын отандық өндірушілер өндірген. Мәселен, «Baron Food» ЖШС өндірген «Пияз қосылған манты» жартылай дайын өнімі мен «Дастархан үшін» деп аталатын сиыр етінен жасалған фаршта шошқа ДНҚ табылған, ал бұл жөнінде таңбалауда түк жазылмаған.

«Шин-Лайн» ЖШС-ның сиыр етінен жасалған тефтели жартылай дайын өнімінен таңбалауда көрсетілмеген жылқы мен тауықтың ДНҚ анықталыпты. «Столичный» маркалы сиыр етінен жасалған фаршта жылқы етінің ДНҚ-сы жүр. Тексерушілер бұл өнімді өндірген өндірушіні таба алмай әлек. Өйткені, таңбалауда өндіруші атауы жазылмаған.
«Мариям» жеке кәсіпкерлігінің «Охотничьи колбаски» маркалы қайнатылып-кептірілген шұжығы сиыр мен тауық етінен жасалған деп жазылғанымен, онда сиыр еті мүлде жоқ болып шықты. «Троя» жеке кәсіпкерлігі өндірген «Мусульманский» сервелатының құрамында сиыр еті бар деп жазылғанымен, ол өнім тек тауық етінен өндірілгені белгілі болған. Осы фактілерден кейін Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өндірушілер өніміне жіті назар аударуды ескертіп отыр. Бұл фактілер өндірушілердің өнім өндіру технологиясын өрескел бұзатынын, өндірістік бақылау жасалмайтынын, өнім таңбасына өтірік ақпар жазу арқылы тұтынуны құқын бұзып отырғанын көрсетеді дейді. Осы оқиғадан соң комитеттің аумақтық департаменттері өнім таңбасында белгіленген қоспалары жоқ өнімдерді сөрелерден алып тастап, жауапсыз өндірушілерге қатысты шара қолданып жатыр. Ал тұтынушылар дүкен сөрелерінен осындай өнімдерді көріп қалса, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттеріне немесе kooz.dsm.gov.kz/ru сайтына хабарласуды өтініп отыр.
Тұмар МЫРЗА


20 ақпан 2019 ж. 2 166 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930