Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңажылдық дастарқанға не қоюға болмайды?.

Жаңажылдық дастарқанға не қоюға болмайды?.

Жаңа жылда тағамға мойонезді аз қосып, ақ тауық етінен жасалған салаттарды көп жеу крек және асқаптаманы қолданған жөн деп кеңес берді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы, Қазақстанның бас дәрігері Жандарбек Бекшин, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бекшин жаңажылдық дастарқанды алды-ала дайыдамауға кеңес береді. Ал ет пен көкөніс кескенде бөлек пышақ пен тақтайды қолдану керек. Айтуынша, дастарқанда күнделікті ғана емес, пайдалы да тағамдар болуы тиіс. "Майлы, тәтті салат пен тағамдар көп жасамаған жөн, әсіресе бұл ересектерге қатысты. Үстел пайдалы тағамдарға толы болсын десеңіз, майонезден аулақ болыңыз. Ал олар жақсы сақталу үшін, асқаптамаға орау керек. Тоңазытқыштағы барлық тамақты үстелге қоюдың қажеті жоқ", - дейді ол. 

Бекшин Жаңа жылдан кейін қалып қалған салаттарды жемеуге кеңес береді. 


"Мереке аяқталғаннан кейін астан уланып келгендердің жартысы тағамды тастауды обал көріп, сақтап жегендер. Салаттарды тоңазытқыштан бір тәуліктен көп ұстауға болмайды, ал майонез қосылғандарды алты сағаттан артық сақтамаған жөн", - дейді ол. 


Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өкілдері ауыр еттен жасалған салаттармен қатар жеңіл салаттарды да араластыруға кеңес береді. Олар көкөністер, қызыл және жасыл бұрыш, тауық еті мен балықтан, консервіленген бұршақ және түрлі шөптермен жасалуы мүмкін. Жаңа жылдағы тамақтанудың маңызды ережелерінің бірі - жиі бірақ аз-аздан жеу.


"Жаңажылдық дастарқанда сұйық зат көп болуы тиіс. Ең бастысы - су көп ішіп, алкоголь ағзаны сусыздандыратынын естен шығармаған жөн. Жақсы өңделген тауықтың ақ етінен жасалған салатты тұтыну керек және ол бөлек сақталуы тиіс. Ал жемістерді қанша жегіңіз келсе өз еркіңіз. Олардың калориясы аз және дәрумені жеткілікті", - дейді елдің бас дәрігері. 


Бекшин азық-түлікті адам көп жүретін, ірі сауда орталықтарынан алуға кеңес берді. Мұндай орындарда тауар көп тұрмайды. Тағамның сырты мен сертификатына назар аудару керек. Онда сақтаулу мерзімі анық жазылуы тиіс. 
kaz.tengrinews.kz
25 желтоқсан 2018 ж. 1 175 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930