Facebook жасөспірімдерге өзін аңдитын қосымшаларды орнатқаны үшін ақы төлейді
Facebook жасөспірімдерге өзін аңдитын қосымшаларды орнатқаны үшін құпия түрде ақы төлейді.
2016 жылдан бастап Facebook желісі 13-35 жас аралығындағы адамдарға iOS немесе Android платформаларындағы Facebook Research қосымшасын орнатқаны үшін 20 доллар рефералды төлем жасап келген.
Қосымша қолданушының Интернеттегі белсенділігін бақылайды, соның ішінде сайтқа кіру және құрылғы алмасатын мәліметтерді тізіп отырады. Facebook желісінің өкілдері осы зерттеу жобасын қолданушылардың әдетке айналған әрекеттері туралы мәліметтерді жинау үшін бастағанын мәлімдеді. Басылым мәліметінше, Facebook Research қосымшасы App Store платформасында өшірілген, себебі Apple компаниясы
2018 жылы шілдеде оған тыйым салып, тамызда өшіріп тастаған.