Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент дауы бітістіруші – судья көмегімен реттелді

Алимент дауы бітістіруші – судья көмегімен реттелді

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Ғ.-ның жауапкер А.-дан оқу кезеңіне алимент өндіру туралы талап арызы түскен.

Талап қоюшы Ғ. өзінің Қызылорда облысының медициналық колледжінде оқуына байланысты жиырма бір жасқа толғанша он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкесі А.-дан алимент өндіруді сұраған.

Татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар бітістіруші - судьяның қатысуымен араларындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасады. Жасалған келісімнің шарттары бойынша жауапкер ұлының оқу кезеңіне кететін күтіп-бағу алиментіне ай сайын он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеп тұруға міндеттеме алды, ал талап қоюшы жауапкердің міндеттемені қабылдап, талабынан бас тартты.

Осылайша тараптардың арасында жасалған келісім соттағы тағы бір кезекті даудың келісіммен аяқталуына, әкесі мен баласының жылы туыстық ара қатынасын сақтап қалуына өз септігін тигізді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қаңтар 2019 ж. 1 081 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031