Қатерлі ісіктен айыққан 90 жастағы қария құпиясын бөлісті
Ақтөбелік 90 жастағы Сейіт Сүтемгенов қатерлі ісіктен айығып, 11 баланы жалғыз қалай тәрбиелегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жарты ғасырға жуық педагог болып жұмыс істеген қария әлі күнге дейін немерелерінің тәрбиесімен айналысып, шөберелерінің алғашқы жетістіктеріне қуанып жүр. 90 жастағы қарияның әйелі 1986 жылы қайтыс болған. Әйелі қатты ауырған екен. Артында 11 баласы қалған, кенжесі 6 жаста болған. Сол кезең ол үшін ауыр болған, кейінірек уақыт өте қарияға өңеш қатерлі ісігі диагнохы қойылған. Сейіт Сүтемгенов сол кезде мақсат қойып, осы диагнозды жеңемін деген шешімге келген.
"1986 жылдың наурызында өңеш қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Сонда мен сенбей, қосымша тексерістен өту үшін Алматыдағы Онкология орталығына бардым. 45 күннен төрт жыл қатарынан курстардан өтіп жүрдім, осы уақыт бойы дәрігерлердің кеңестерін тыңдап жүрдім, диетада отырдым. Осы дертті жеңетініме күмәнданбадым. Қайтадан тексерістен өткен кезде ғажайып болды деп айтқан болатын. Сол кезде ісіктің қайтқаны анықталды. Оған менің балаларымның маған деген махаббаты көмектесті деп санаймын, мен оларға әлі қажет екенімді сездім, солардың арқасында осы күнге жетіп отырмын", - деп еске алды Сүтемгенов.
"Алғысымыз шексіз, оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ештеңеге қарамастан, кішкентай балалары бола тұра, үйге басқа әйелді әкелген жоқ. Сол үшін шығар біз әрқашан оның үмітін ақтауға тырысамыз, құрметпен қараймыз. Оның біз үшін жасағаны бекерден бекер емес, қазір әкем қартайған шағын сүйікті жақын адамдарымен өткізіп жатыр", - дейді кенже ұлы Руслан Сейітов.
Бүгінде отбасының әр мүшесінде оқуды өте жақсы бітіргені туралы диплом бар: тұңғыш қыздары медицина саласында, төртеуі әкесінің соңынан білім беру саласына кетті, қалғандары энергетик, есепші және байланысшы болып жұмыс істеп жүр. Сейіт Сүтемгенов балаларымен бірге. Отбасы мұрағатынан алынған сурет Қазір қарияның 27 немересі бар. Мектеп жасында немерелері барлығы үздік оқиды, белсенді, ал үлкендері Ақтөбе, Алматы және Астанадағы жетекші ЖОО-лардың студенттері. Барлығы атасының берген дайындығы арқасында тегін оқып жатыр.