18 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар
Дүниежүзілік діндер күні - жыл сайын қаңтар айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күнді атап өтудің бастамашысы бахаи дінін ұстанушылар болған, алайда кейінен оны барлық діндердің өкілдері атап өтетін болды. Алғаш рет 1950 жылы АҚШ-тың бахаилар ұлттық рухани ассамблеясының бастамасымен атап өтілді.
1964 жылы американдық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына «темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды» деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды.
1969 жылы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры ашылды. Театрға 1978 жылы актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың есімі берілді. Бірінші бас режиссері - Қ.Шанин, директоры - Т.Бәйімбетов.
1992 жылы Алматыдағы Кино үйінде Талғат Теменовтың «Қызғыш құс» атты көркем фильмінің премьерасы өтті.
1992 жылы Австрия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады. 2
1999 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы «Мирас» халықаралық Қазақстан-Америка мектебінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
2005 жылы Алматыда журналистердің жаңа қоғамдық ұйымы «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы» құрылды. Орталықтың мақсаты журналистердің кәсіптік деңгейін жақсарту болып табылады.
2010 жылы Қарағанды облысындағы Жезқазған қалалық мәслихатының шешімімен қаланың екі - Маяковский және Горький көшелерінің атаулары өзгертілді. Олар бұдан былай белгілі жерлестерінің - Ошақбай Асылбековтің және Камал Смайыловтың аттарымен аталады. Бұрынғы партия қайраткері Ошақбай Асылбеков кеңес дәуірінде Жезқазғанның қалыптасуына және дамуына үлес қосты. Ол «Жезқазғанның құрметті азаматы» атағын алған. Камал Смайылов Ұлытау ауданының тумасы - жазушы-публицист, кинотанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сііңірген қызметкері, профессор.