Қазақстанда туберкулезді анықтаудың жаңа әдістері енгізіледі
Қазақстанда туберкулёзды анықтау үшін қолданылатын Манту сынамасына қосымша тест енгізіледі. Бұл туралы Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов айтты.
Манту екпесі – тиімділігін дәлелдеген бұрыннан белгілі әдіс. Көп елде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез жұқтыруы мүмкін науқастарды анықтау үшін қолданылады. Ол болды, бар және бола береді. Оның және басқа да зерттеулердің көмегімен фтизиаторлар бала ағзасында туберкулез бар-жоғын анықтай алмаған өте сирек жағдайларда қосымша әдістер қолданылады. Бұл әдістерге диаскинтест және квантиферон тесті жатады. Манту сынамасы алып тасталмайды, толықтырылады. Қалай болғанда да туберкулез диагнозы толық клиникалық тексерістен кейін қойылады, – деді Мәлік Әденов.
Диаскинтест аллергиялық компоненттерді болдырмауға, квантиферон тесті балалардағы туберкулездың кіші формасын және ересектердегі өкпеден тыс туберкулезды анықтауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: baribar.kz