Білім саласында жетістік мол
Тәуелсіздік жылдары еліміздің білім беру жүйесінде толымды түбегейлі өзгерістер орын алды. Бұл кезде елеулі нормативті және құқықтық актілер қабылданып, жүзеге асырылды. Жаппай білім беру ісін «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасына сәйкес және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында нақтыланған тапсырмалар аясында жүргізуге бет бұрылды.
Ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ұстаздың беделі мен мәртебесі тұңғыш рет «Қазақстан Республикасындағы Білім туралы» заңнан көрініс тапты. Білім беруді дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» және техникалық, кәсіптік білім беру жөніндегі 2008-2012 жылдарға негізделген мемлекеттік бағдарламалар жасалды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы оңтайландыру тұсында оқу орындары мен балабақшаларды мүмкіндігінше сақтап қалу жан-жақты қарастырылды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы оңтайландыру тұсында оқу орындары мен балабақшаларды мүмкіндігінше сақтап қалу жан-жақты қарастырылды.
2001 жылы Майлыбас бекетіндегі бастауыш мектеп үйлері жаңадан салынып, жабылып қалған Ойындыдағы білім шаңырағы қайта ашылды. Аудандық білім бөлімі оқушылардың «Шағала» демалыс лагерін өз басқаруына алды. Заман ағымына сай апаттық жағдайдағы мектептерді жаңалау мәселесі қызу талқыланды. Нәтижесінде, кезең-кезеңімен Әйтеке би кентіндегі №170 пен №204 мектеп және Абай, Жалаңтөс батыр, Басықара, Кәукей, Тасарық, Байқожа, Сарбұлақ, Аранды, Лақалы, Майдакөл, Бірлік, Шәкен, Шилі ауылдарында мектептер бой көтеріп, пайдалануға берілді.
Орын тапшылығына орай Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицей бұзылып, қайта салынды. Сондай-ақ, биыл Әйтеке би кентінде бала саны артқандықтан іргетасы жаңадан қаланған 300 орындық №276 мектеп шәкірттерге есігін айқара ашты.
1200 орындық №249 және №266 мектеп-лицейде жаратылыстану мен математикалық бағыттағы пәндер тереңдетіліп оқытылады. Оқушылардың білім сапасын арттыру шаралары аудан мектептеріндегі оқу-тәрбие процесінің басты бағыты. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 33 мектепте информатика және есептегіш техника негіздері пәні 7 сыныптан бастап аптасына екі сағаттан оқытылады.
1200 орындық №249 және №266 мектеп-лицейде жаратылыстану мен математикалық бағыттағы пәндер тереңдетіліп оқытылады. Оқушылардың білім сапасын арттыру шаралары аудан мектептеріндегі оқу-тәрбие процесінің басты бағыты. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 33 мектепте информатика және есептегіш техника негіздері пәні 7 сыныптан бастап аптасына екі сағаттан оқытылады.
Қазір аудан көлемінде үш ауысымды мектептер қатары толықтай жойылды. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған "Алтын белгi" белгiсi жайлы қаулы бекітті. Жалпы, Қазалы ауданы бойынша 2001 жылы бұрынғы Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия (қазіргі №249 мектеп-лицей) түлегі Нұрлыбек Жанұзақов ең алғашқы «Алтын белгі» иегері атанды. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша барлығы 381 бітіруші «Алтын белгі» алып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарын бітірсе, кейінгілері оқуын жалғастыруда.
Бағдарлы оқыту мен 12 жылдық білім жүйесіне көшуге орай аудан мұғалімдерінің 883-і біліктілігін арттырды. Оның ішінде мектеп директоры, оқу ісі меңгерушілері, тәрбие ісінің меңгерушілері, директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары, психолог, қосымша білім беру педагогтары бар. Мектеп өміріне жаңа ақпараттық технологияны енгізу, мұғалімдер мен оқушылардың еркін меңгеру дағдысын қалыптастыру мақсатында аудан мектептерінің информатика сыныптарына 535 компьютер берілді. Аудандағы барлық 32 орта мектеп интерактивті тақтамен, 17 мектеп мультимедиа кабинетімен, 5 мектеп физика, 2 мектеп химия- биология кабинеттерінің зертханаларымен жабдықталған. Интерактивті тақтаны пайдаланып, ел Президенті және облыс әкімімен өткізілген сабақты жалғастырып, аудан әкімімен Web Cameraмен интерактивті тақтада тікелей байланыс жасау арқылы интернет- конференция өткізілді. Барлық пән мұғалімдерінің «Интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндігі», «Мультимедиа кабинетінің тиімділігі» тақырыптарында семинарлар ұйымдастырылды. Аудандық деңгейде 10 мектепте «Асtivbard интерактивті тақтаның, ActivStudio кәсіби пайдаланушыны бағдарламалық қамтамасыз ету» оқыту семинары өткізілді. Ауданда 34 мектеп интернет жүйесіне қосылып, электронды пошталары ашылған, №91, 70, 226, 165, 225, 216, 96, 95, 78, 24, 25 мектептердің Web сайттары жасалып, интернетке тіркелді.
2015-2020 жылдар аралығында жаңартылған білім беру мазмұнына көшу қолға алынды. Аудан әкімдігінің қолдауымен математикалық-техникалық база күшейтілуде. Мектеп басшысынан бастап, ұстаздардың біліктілігін жетілдіру бағытында Астана, Алматы, Қызылордада орналасқан педагогикалық шеберлік орталықтарына білім саласының қызметкерлеріне жолдама беріледі.
Болашақ ел тізгінін ұстар, дені сау, білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеуде ауданда осындай игілікті істер жүзеге асырылуда. Әлі де атқарылатын шаруалар жетіп артылады. Бұл Тәуелсіздігіміздің басты жемісі екені даусыз.
Болашақ ел тізгінін ұстар, дені сау, білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеуде ауданда осындай игілікті істер жүзеге асырылуда. Әлі де атқарылатын шаруалар жетіп артылады. Бұл Тәуелсіздігіміздің басты жемісі екені даусыз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА