Ауылға жіберу мәселенің шешімі ме? Баланы гаджеттен арылтамыз
Қазіргі заманда балалар, сонымен қатар ересектер өмірін ұялы телефон мен планшеттерсіз елестете алмайды. Оның үстіне, балалардың оған тәуелділігі өмірінің алғашқы жылынан қалыптасады. Ата-ана "керек кезде" баланың қолына телефон бере салады және олардың көп уақыт гаджетпен ойнап отырғанын байқамай да қалады. Сонымен қатар, ата-аналардың көбі баласы телефонға тәуелді екенін, оның әсерінен психикасы өзгере бастағанын байқаса да, арнайы мамандарға жүгінбейді.
Бұл мәселе Парламентте де көтерілді. Былтыр жыл басында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жас ата-аналардың балаға гаджеттерді жиі беретінін айтып ашынған. "Балалар кішкентайынан кітап оқудың орнына, гаджет қолданып отырады, ал жас ата-ана олар мазаламас үшін еркіне қоя береді. Ал нәтижесінде, бес жасқа келген баланың көру қабілеті нашар және денсаулығымен басқа да қиындақтар болады", - деген Нығматулин. Кейін балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы Заңға қол қойылды. Ол 2019 жылдың қаңтарында күшіне енеді.
Бала қарауға уақыт жоқ
Балалардың смартфон мен планшеттерге тым жақын болуының бірнеше негізгі себебі бар. Ата-ананың балаға уақыты жоқ, орнына гаджет беріп қояды. Екінші себеп - кішкентай балалардың бос уақыты көп, бірақ олар не істеу керектігін білмейді. Сонымен қатар, олар ересектердің іс-қимылын қайталайды. Ата-ана кешке жұмыстан келіп, уақытын телефонмен өткізетін болса, онда балалар мұны қалыпты жағдай деп санайды. Психологтың айтуынша, ата-ана баласының уақытты мультфильм қараумен немесе смартфонда ойнаумен өткізетінін байқағанда кеш болады. "Әрине, мультфильм танымдық ақпарат берсе, ол зиян келтірмейді, бірақ біз мұнда физикалық зиян туралы айтып отырмыз. Яғни, планшет пен телефонның экраны айтарлықтай кішкентай, сондықтан көзге күш түседі. Мультфильм көруге болады, бірақ мәселе оны қарау уақытында", - дейді Стеблянко.
Сарапшының айтуынша, бір жасар балаға мультфильмді тәулігіне 15 минуттан көп көруге болмайды және жылына 15-20 минут қосып отыру керек. Яғни, екі жаста жарты сағат, үшке келгенде 45 минут және осы тәртіппен уақытты ұзарта береді. Балалар психологының айтуынша, теледидарда немесе проекторда мультфильм қараудың зияны салыстырмалы аз. "Бұл әдет пен дағдының мәселесі. Яғни, сөздің тура мағынасында балаға теледидардан бір нәрсе көру қиынға соғады. Себебі олардың бір жерге назар салуы мен қолын басқаруы өзара тығыз байланысты. Мысалы бала телефон немесе планшетті қолына ұстап отырғанда, оның назары басқа нәрсеге аумайды, ал бір орында теледидар қарап отырған қиын болады", - дейді ол.
Назардың жетіспеушілігі
Сарапшының ойынша, планшет немесе смартфондарды балаға 4,5-5 жастан ерте беруге болмайды. Себебі осы жылдар аралығында баланың бір нәрсеге зейін қоя білу қабілеті дамиды. "Гипербелсенділік және назардың жетіспеушілігі деген диагноздар бар. Яғни, баланың бес жасқа дейін зейін қою қабілеті дұрыс дамымайды. Гаджеттерде сурет, сюжет немесе болып жатқан оқиға жылдам өзгереді. Осыған байланысты бала бір орында тыныш отыра алмайды, назарын бір нәрсеге ұзақ аударып немесе болып жатқан нәрсені мүлде қабылдап үлгермейді. Бұл назардың тұрақты қалыптаспауына әкеледі", - деп атап өтті Анастасия Стеблянко. Нәтижесінде бала тынымсыз болады, оған үй тапсырмасын орындау, назарын тақтадан жұмыс дәптеріне аудару қиын. Бұл баланың психикалық дамуына теріс әсер етеді.
Гаджетке тәуелділіктің белгілері Ойын тәуелділігі бұрыннан бар. Телефонға кіріптарлық - ойынға тәуелділіктің бір түрі. "Баладан телефон не болмаса планшетті тартып алғанда ол эмоциясын көрсетіп, шу шығарып, өзін агрессивті ұстаса, оған психологтың көмегі қажет, тіпті дәрі-дәрмекпен емдеуге де барады. Ал смартфонды алғанда ол ашуын қатты көрсетпесе, дәрі-дәрмексіз психологтың көмегімен емдеуге болады", - дейді ол. "Кішкентай балалардың психикасы дұрыс жетілмеген, олар аса сезімтал келеді. Бұл жаста одан кез келген ойыншықты тартып алса, ол қатты алаңдайды - жылап, айқай-шу шығарады. Балалардың әсіресе эмоционалды реакциясы жақсы байқалады", - дейді Стеблянко.
Гаджетке тәуелділіктің белгілері Ойын тәуелділігі бұрыннан бар. Телефонға кіріптарлық - ойынға тәуелділіктің бір түрі. "Баладан телефон не болмаса планшетті тартып алғанда ол эмоциясын көрсетіп, шу шығарып, өзін агрессивті ұстаса, оған психологтың көмегі қажет, тіпті дәрі-дәрмекпен емдеуге де барады. Ал смартфонды алғанда ол ашуын қатты көрсетпесе, дәрі-дәрмексіз психологтың көмегімен емдеуге болады", - дейді ол. "Кішкентай балалардың психикасы дұрыс жетілмеген, олар аса сезімтал келеді. Бұл жаста одан кез келген ойыншықты тартып алса, ол қатты алаңдайды - жылап, айқай-шу шығарады. Балалардың әсіресе эмоционалды реакциясы жақсы байқалады", - дейді Стеблянко.
Баланың гаджеттерге тәуелділігін төмендегі белгілер бойынша анықтауға болады: Эмоционалды өзгерістер, есірігі ұстаудан бастап, қоғамнан оқшаулануға дейін; ұзақ уақыт бойы ештеңеге зейін сала алмауы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы; денсаулығы нашарлайды: көру қабілетінің бұзылуы, омыртқа қисаюы; қол моторикасы шектеулі болғандықтан сөйлеу қабілетінің нашар дамуы. Яғни, бала үш жасында сөйлей алмайды, өйткені оның моторикасы планшеттегі сандарды басумен ғана шектелген; дамудың тежелуі. Бұл 100 пайыз барлығында бола бермейді. Ол патологиялық процес болып саналады. Дегенмен, мұндай жағдайды психологтардың тәжірибесінде байқауға болады.
Үстел ойындарын сатып алыңыз
Анастасия Стеблянконың айтуынша, гаджеттерге тәуелділіктен арылудың арнайы тәсілдері бар. Психолог ата-аналарға баланың телефонға деген махаббатын байқағанда қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес берді. Ең алдымен, балаға бос уақытыңызды бөліңіз. Көбінесе, бұл адам жасына қарай тәулігіне бір сағаттан аспайды. Сонымен қатар, уақытты жоспарлау маңызды, өйткені оны белгілеп қоймасаң, таба алмайсың. Баламен дүкенге барып, оған кітаптар мен ойындарды таңдаңыз - паззл, бояғыш, конструктор, үстел ойындары. Балаға компьютер немесе планшетте отыру ережесін түсіндіру. Бұл ережелерді өте қатал ұстау. Күніне бір сағат ойнасақ, уақытты төртке бөліп, оған салғырт қарамау. Баланы телефоннан алшақтатудың тағы бір жолы - ата-анамен бірлесіп жұмыс жасау. Балаларды үйдің жұмысына тарту қажет, тамақ пісіруге, үй тазалауға немесе жазда бақшада көмектесу. Бала бос отырмас үшін, оны түрлі үйірме немесе спорт секцияларына беруге болады. Кейбір жағдайда үй жануарын алып келіп, балаға оны қарауын сұрағанда мәселе шешілуі мүмкін. Баланың далаға шығып жиі ойнағаны дұрыс.
Алайда, Анастасия Стеблянконың айтуынша, ата-ана айтылған нәрсенің барлығын орындаса да бала гаджеттерге тәуелділікпен күресе алмауы мүмкін және бұл оның психикалық денсаулығына әсер етеді. Мұндай жағдайда сарапшылар баланың нерв жүйесінде қандай да бір өзгерістер бар-жоғын анықтау үшін балалар невропатологына баруды ұсынады. Кейін бала психологына бару керек, осы екі маманның тексеру нәтижесі бойынша балалар психиатры қажет пе, жоқ па анықталады.
Ауылға жіберу - мәселенің шешімі емес
Кейбір ата-аналар, баласын гаджетке тәуелдіктен айыру үшін ауылға жібереді, себебі онда Интернет жоқ. Психологтың ойынша, бұл мәселені уақытша ғана шешеді. Қалаға оралғанда бала қайтадан бұрынғы ортасына түседі. Сәйкесінше, гаджетке ынтықтығы да қайта оянады. Сонымен қатар, маманның айтуынша, қазір Интернет барлық дерлік жерде бар және шеткі аймақтарда тұратын ата-аналар да осындай мәселемен көмек сұрап келген жағдайлар болған.