Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсанда Қазақстанда қосымша пойыздар жүреді

Желтоқсанда Қазақстанда қосымша пойыздар жүреді

Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді:

Алматы-2 — Шымкент — ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын 2 рейс.

Астана-1 — Павлодар — ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.

Астана-1 — Алматы-1 — ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады.
Мереке күндері жоғры сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр:

ҚР Тұңғыш Президенті күніне — 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)

ҚР Тәуелсіздік күні — 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері)


Жаңа жыл мерекесіне — 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан — 3 қаңтар аралығында)

Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады.

28 қараша 2018 ж. 1 573 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 60

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 47

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 61

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 59

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 62

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031