Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жазда саяхаттаушылардың көбеюіне байланысты пойыздар кестесі өзгертілді

Елімізде жазда саяхаттаушылардың көбеюіне байланысты пойыздар кестесі өзгертілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз маусымында саяхатшылардың көбеюіне байланысты пойыздардың кестесіне өзгертулер енгізіп, икемді кесте ұсынды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен, Балқаш, Алакөл аумағында орналасқан курорттар мен демалыс орындарына Астана мен Орталық Қазақстаннан жолаушыларды тасымалдау үшін № 253/254 «Астана-Достык» бағытында қосымша пойыз шығарады. Ол пойыз Астанадан осы жылдың 17 маусымы мен 30 тамызы аралығында жексенбі және бейсенбі күндері, ал Достықтан 18 маусымы мен 31 тамызы аралығында дүйсенбі және жұма күндері қатынайды.
Пойыз Астана-1, Карағанды-Сұрыптау, Карағанды, Акадыр, Мойынты, Балқаш, Саяқ, Актғгай, Бескөл, Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл, Достық бекеттерінде аялдайды.
Сондай-ақ, «Семей-Жалаңашкөл» және «Өскемен-Жалаңашкөл» бағыттары бойынша қала маңы тасымалы пойыздарын шығару жоспарда бар.
Еліміздің туристік аймақтарына тұрақты қатынайтын пойыздардың тізбесін мына жерден көре аласыздар.


16 маусым 2018 ж. 1 494 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031