Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ некеге адалдық

Ақ некеге адалдық

Отбасы бақытын әрбір адам армандайды. Бұл қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік қаншалықты мықты болса, елдің қуаты да соншалықты берік болары сөзсіз. Жалпы, дінімізде неке – екі жүректің қасиетті одағы, сенімділіктің бастауы. Шаңырақта ең әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, жұбайлардың шырайы артып, қандай жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөліскендіктен, тауқыметтің тәлкегі еш ауырлық келтірмейді.


Осыған орай жақында Ү.Түктібаев ауылдық клубында «Орынбет ишан» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесіне орай «Ақ неке – бақыт бастауы» атты аудандық отбасылық діни салт-дәстүр байқауы ұйымдастырылды. Шара басында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов және Алға ауылдық округінің әкімі Абдулла Төлемісов сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін арнады.

Сыңдарлы сынаққа аудан бойынша 6 отбасы мүшесі қатысты. Онда әрбір топ өз отбасын таныстыру, өнерлерін көрсету, арнайы билетпен әзірленген діни сұрақтарға жауап беру және халқымыздың салт-дәстүрінен көрініс көрсету шарттарын орындады.
Біліктілік пен білгірлік таразыға түскен байқау қорытындысында Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Бақытбек Салжекеновтың отбасы бірінші орын, Әйтеке би кентінен Рүстембек Құттыбайұлының отбасы екінші орын, тағы бір түктібаевтық Бақыт Сыбайдың отбасы үшінші орынды иемденді.

Жиналғандар көңілінен шыққан мазмұнды шараға Қызылорда қаласының тұрғыны Жетес Нағмаддинұлы демеушілік көрсетті.

Ерлан НҰРЖАУБАЕВ
26 қараша 2018 ж. 1 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930