Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз неге ұрсысамыз?

Біз неге ұрсысамыз?

Пенде болып жаратылған соң сөзге келіспей, бір-бірімен ұрсысып, жақ жыртыспай жүрмейтін жан болмайтын шығар. Адам баласының табиғаты осындай. Өкінішке орай, отабсылық қарым-қатынаста бұл жиі болып тұратын құбылыс. Мұндағы жағдайдың ең қиыны – сүйіспеншілік пен сыйластықты сақтап қалу. Кейде некедегі ерлі-зайыптылар бір-бірін сүйетін жұптан гөрі жауласқан адамдарды көп еске түсіреді.
Дау-жанжалдың маңыздылығы неде?
Дау-жанжалды өмірдің бір бөлігі деп айтсақ та болады, әсіресе, бұл болмысынан көшбасшы болып келетін жандардың арасында кеңінен орын алады. Әдетте, көшбасшылар бірігіп әрекет жасайтын болса, жақсы нәтиже мен мол табысқа қол жеткізіп жатады немесе керісінше, өшпенділіктің қайнар көзіне айналады.
Жанжалды болдырмас үшін көшбасшылық қасиеттен арыл деп кеңес беретін адамдарды мүлде тыңдамаңыз. Дау-жанжал ұрыс-керістің көзіне айналмауы тиіс, керісінше, даулы мәселені реттеуге және ара-қатынасты жақсартуға септігін тигізуі керек.
Отбасылық дау-жанжалға көбіне не себеп болады?
Заманауи технология: технология біздің өмірімізді анағұрым жеңілдетуде. Заманауи технологияның арқасында әлем бізге жақындай түскендей. Адамдар да бір-біріне жақындауы тиіс еді, бірақ отбасылық қарым-қатынаста технология адамдарды бөлектеп жіберу факторы болып табылуда.
Жуырда жасалған зерттеулердің бірі көрсеткендей, бір-бірімен мессенджерлердің көмегімен араласатын ерлі-зайыптылар некеде көбіне бақытты бола алмайды. Мәселе, бір хабарламаны жұбайлар әртүрлі түсінуі мүмкін. Мәтінге адам өзінің көңіл-күй, эмоцмясын салып, не айтқысы келгенін дөп басып жеткізе алмайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы маңызды әңгімелердің бәрі көзбе-көз жүргізілуі тиіс.
Ортақ бюджет: көбіне қаражат мәселесі отбасындағы жанжалдың басты себептерінің бірі болып табылады. Әр адам ақшасын әртүрлі жұмсауға үйреніп қалғандықтан, өкінішке орай, отбасылық бюджет жөніндегі жанжал жиі болып тұрады. Егер сіздің отбасыңызда бір мәрте болсын ақша үшін жанжал шыққан болса, онда әр апта немесе ай сайын отбасылық бюджетке тексеру жүргізіп, кіріс пен шығысқа талдау жасап, тиісінше шешім қабылдау керек. Ақшаның араларыңызға кіруіне мұршат бермеңіздер!
Жұбайларыңызға қатысты әділетсіздік: отбасылық психологтар ерлі-зайыптыларды ашық және шынай болуға үндейді. Өтірік – некедегі әділетсіздіктің бір түрі болып табылады. Олар некеде ашық болуға және мәселелерді талқылаудан қашпауға кеңес береді.
Ерлі-зайыптылар әлдебір нәрсені айтпас үшін алдаусыратып көңілді елеусіз нәрсеге бұрып әкетеді. Мұндай қылық жұбайыңыздың сезімдерін қорғауға арналса да көбіне жанжалға әкеліп соғады.
Шамадан тыс үміттену: шамадан тыс немесе негізсіз үміттену көбіне отбасылық жанжалға әкеліп соғады. Жұбайларыңызды жақсы көріп, кешіре біліңіздер. Олардың ниеті мен уәждерін түсінуге тырысыңыз. Көңіліңіз қалып қалмасын десеңіз, көп тәнті болмаңыз.
АллаТағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар» (30:21).
Бұл аятта Алла ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен мейірімділіктің маңыздылығын атап көрсетеді. Дау-жанжал адам өмірінің бір бөлігі болса да сүйіспеншілік басым болуы керек. Сүйіспеншілік пен мейірімділік тонның ішкі бауындай қоян-қолтық жүруі қажет.
Дау-жанжалдан құтылуға не көмектеседі?
Сүйіспеншілік сөздері: некеде бұл сөздер аса маңызды әрі үнемі айтылып тұруы тиіс. Жағымды да жан жылытар сөздер жұбайларыңыздың көңілін аудартады да жүректеріне сенім мен қауіпсіздік ұялатады.
Бірге оқитын намаз: бақытты некедегі ерлі-зайыптыларға намазды бірге оқу өте маңызды. Мұсылман отбасында намазды бірге оқу аса маңызды іс болып табылады. Ол үйлесімділік пен бірлікті қалыптастырады. Сондай-ақ, отбасындағы барлық маңызды істер туралы бірге оқылған намаздан соң ақылдасу абзал.
Жұбайының туыстарына деген сүйіспеншілік: жұбайыңыздың туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынасты оларға деген сыйласымдылық пен сенімнен бастаңыз.
Өзіңізді сүйіңіз: қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік өзіңізге деген сүйіспеншіліктен басталуы тиіс. Өзіңізді сүйіңіз, өзіңізге қамқор да мейірімді болыңыз, сонда айналаңыздағыларды сүйе алатын боласыз. Алайда бұл қасиеттің екі шегі бар екенін есіңізден шығармаңыз: сіздің өзіңізге деген сүйіспеншілігіңіз тәкаппарлық пен өзімшілдікке әкеліп соқпауы тиіс.
alashainasy.kz​​​

20 қараша 2018 ж. 963 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930