Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік провизор

Үздік провизор

Фармация саласының маманы үшін алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін білу өте маңызды. Фармацевт тағайындалған дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды топтастыра білуі шарт. Оның фармацевтикалық іс негіздері мен қаржы саласын меңгергені абзал. Әрине, мұндай кәсіп иесіне міндетті түрде: ұқыптылық, зеректік, жинақылық және өзін басқару қабілетінің жоғары болғаны маңызды. Осындай талаптар үдесінен шыққан Күлайша Жалиқызы бүгінде Қазалы теміржол ауруханасының дәріхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. Білімін Шымкент қаласындағы фармацевтикалық институтында шыңдаған маман қолданыста бар дәрілік құралдарды жетілдіріп және әзірлеп жүргеніне отыз үш жылдың жүзі болды.
Ол қызмет атқарған жылдарында апатты жағдайда қажетті көмек көрсете алатын білікті қызметкер ретінде өзін көрсете білді және дәріхананы заңнамалыққа сәйкес басқарады. Халықты уақытылы және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында ұжымды біркісідей ұйымдастырады. Ішкі жұмыстардың кедергісіз жүруі үшін басқа да денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз байланыс жасайды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету үшін қажетті мөлшерде дәрі-дәрмек түрлерімен қамтамасыз етуде бар күш-жігерін жұмсайды. Дәріхана жұмысына сараптама жүргізе отырып, оның одан да жоғары дәрежеде жұмыс жүргізуі үшін түрлі шаралар қолданады. Оның шаруашылық-қаржылық жұмыстарын жаңа экономикалық тұрғыда қарай отырып, басқару әдістерін қолданады. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысында орынды жағдайларға жол берілмейді.
Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың айтуынша, дәріхана меңгерушісі Күлайша Қарабала Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және фармацевтикаға байланысты заңы және басқада заңнамалары мен нормативті актілерді жетік меңгерген.
«Қиын жағдайда өзін ұстай алады, ықтимал дауларды болжай және тоқтата біледі. Кез келген уақытта адамды түсіне де, қолдай да алады. Сол себепті бөлім қызметкерлері жұмысқа ынталана келеді. Себебі оларды қадірлеп сыйлай білетін адам бар. Ол қарамағындағы қызметкерлерімен қуана да, қайғыра да алатын керемет жан. Ұжымда беделі жоғары, сауатты маман саналады. Жастарға білгенін үйретуден жалықпайтын ұстаз. Аурухана өміріндегі әртүрлі мәдени жұмыстарға қатысып, белсене араласады», – дейді теміржол ауруханасының басшысы.
Жуырда ҚР ДСМ Қызылорда облысы бойынша фармация комитеті департаменті ұйымдастырған облыстық «Жылдың үздік провизоры – 2018» конкурсы өтті. Мұнда Күлайша Жалиқызы 5 турдан сүрінбей жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық «Жылдың үздік провизоры – 2018» конкурсына жолдама алды. Елорда төрінде өзінің мықтылығы арқасында бірінші орынды иемденді. Оған 100000 теңгенің сертификаты мен арнайы диплом табыс етілді. Сондай-ақ, республикалық фармацевтер ассоциациясының президенті М.В.Дурманова грамота мен «Үздік провизор – 2018» статуясын салтанатты түрде тарту етті.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

13 қараша 2018 ж. 1 239 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930