Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жүгін сезінген

Жауапкершілік жүгін сезінген

Дәрігер қашанда адам жанының арашашысы, ауырып жаны қысылғанда қасынан табылатын қайырымды қамқоршысы. Сондықтан да дәрігер – дарындық қасиеті бар киелі мамандық саналады. Дегенмен, ақхалаттылардың барлығы бірдей аты шығып, абырой мен беделге ие бола бермейді. Нағыз дәрігер ең алдымен адамгершілігімен, біліктілігімен және кішіпейілділікке толы мейірімділігімен танылып, өзгелерден ерекшеленеді. Бұл теңеулер теміржол ауруханасының дәрігер урологы Ерболат Жасановқа арналып айтылғандай.
Ерболат мұғалімдер отбасында тәрбиеленсе де әке жолын қумады. Оның арманы хирург болу еді. Бала кездегі қиялын 1998 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына түсіп, жүзеге асырады. Таңдаған білім ордасында әрбір сабаққа ықыласпен қатысып, оқу орнындағы емдеу ісі факультетін хирургия саласы бойынша 2004 жылы бітіріп шықты. Қызылорда облыстық медициналық орталығында хирургия мамандығы бойынша бір жыл интернатурада жүріп, алғашқы тәжірибеден өткен соң жолдамамен Қазалыдағы теміржол ауруханасына дәрігер уролог болып орналасады.
Ерболат Ермекбайұлының айтуынша, урология – ерлердің бүйрек, қуық, простатит ауруларын және несеп жолдарындағы тас­тарды хирургиялық және дәрі-дәрмекпен емдеу саласына жатады.
«Бүгінгі күні еркектер денсаулығының басты мәселесіне айналған простатит суықтан және инфекция жұқтырып алудан да болады. Мұндай дертке бір орында ұзақ отыратын жүргізуші, есепші және басқа да кәсіппен шұғылданатын кісілер жиі шалдығады. Егер азаматтар дер кезінде денсаулығына көңіл бөлмесе, түбі жақсылыққа апармайды. Аталған сырқат семіздікке, қант диабетіне, қан қысымының жоғарылауына, холестерин ауруына, әлсіздік (импотенция), бедеулік пен аденомаға (қуық безі ісігіне) шалдықтырады.
Простатитке 20-60 жас аралығындағылар жиі ұшырайды. Десек те, уақыт өткізіп алмай урологқа дер кезінде қаралып, тағайындалған емді дұрыс қабылдағандар одан айыға алады. Жалпы, 18-40 жастан асқан ер-азаматтар жылына бір рет урологқа қаралып тұрғандары абзал. Себебі, соңғы бес жылдықта ерлер арасында бедеулік белең алуда. Егер ер азамат шаңырақ көтеріп, 9 айда әйелі жүкті болмаса дереу урологтың көмегіне жүгіну керек. Қазір ерлердің көбі намыстанып уақытылы дәрігерге көрінбей ем алу мерзімін өткізіп алады. Есесіне олар ұрпақ сүю қабілетінен мүлдем айырылып қалуы ғажап емес», – дейді Ерболат.
Ерболат қосымша дәрігер трансфузиолог қызметін жүргізеді. Оның өз міндетіне деген жауапкершілікті жақсы сезінетінін Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың пікірінен айқын аңғардық.
– Ерболат Жасанов дәрігерлік қызмет жасаған жылдарында апатты жағдайда қажетті көмек көрсете алатын білікті маман ретінде танылды. Емдеу-диагностикалау жұмысында медицинаның соңғы жетістіктерін қолданды. Жұмыс кезінде мейіркештердің анафилактикалық шок, асқазаннан қан кеткен жағдайда алғашқы жедел көмек қалай көрсетілу керек екенін әрдайым үйретуден жалықпайды. Қан тамырына катетер қою, жұлынға, өкпеге пункция жасау, ауыр науқастарға реанимациялық көмек көрсету сынды медициналық манипуляциаларды жетік меңгерген. Науқастарға үлкен ілтипатпен қарайды. Ұжым мен халық арасында беделі жоғары, сауатты маман саналады, – дейді бас дәрігер.
Ерболат ауруханада жатқан урологиялық науқастарға өз бетінше ота жасайды. Соның арқасында ересектер мен балалар арасында диспансерлік науқастардың есебі азайып, санитарлық ағарту жұмыстары жақсарған. КАП-ЭЛМ-01 «Андро-Гин» аппаратымен простатиттің барлық түрін: созылмалы везикулит, эрекцияның бұзылысы, ер бедеулігін емдейді. Бүгінде Ерекең Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің науқастарына аптасына төрт сағаттық жоспарлы гемодиализ сеансын жасап, жұртшылықтың алғысына бөленіп жүр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

10 шілде 2018 ж. 2 059 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930