Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмек бағасы бақылауда

Дәрі-дәрмек бағасы бақылауда

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ғалия Бәйменованың қатысуымен брифинг өтіп, департаменттің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары сараланды.
Белгілі болғанындай, облыс көлемінде фармацевтикалық қызметпен 396 көтерме және бөлшек сауда объектісі айналысады. Есепті мерзімде 70 тексеру жүргізілген. Тек­серу нәтижесінде анықталған 8 бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілген.
Департамент көрсететін мемлекеттік қыз­мет­терге байланысты, фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға 5 өтініш түскен, соның екеуіне куәлік берілді. Мәліметтердің толық емес және талапқа сай толтырылмаған өтініштен бас тартылған. Ал, «ҚР-да тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге не әкетуге келісім немесе қорытынды беру» жөніндегі көрсетілетін қызметке өтініштер келіп түспеген.
Осы жылдың 12-19 наурызы аралығында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерімен бірлескен мониторингтік топ №1, 3, 6 қалалық емханаларда 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Дәрі-дәрмекпен қамту» ақпараттық жүйесі негізінде науқастардың дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізген. Мониторинг нәтижесінде ТМККК шеңберінде азаматтардың дәрілік заттармен ішінара қамтамасыз етілмеуі және ұтымды пайдаланбау фактілері анықталған.
Ал, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығына байланысты департамент басшысы меморандум жасалғанын жеткізді.
– Биыл ақпан айында облыс әкімдігінің өңір­лік штаб отырысының хаттамасы негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, біздің департамент және фармацевтикалық ұйым басшылары 150 атауға шекті бағалары бекітілген ме­морандум жасасты. Оның жарамдылық мер­зімі осы жылдың 31 желтоқсанына дейін. Сон­дықтан дәріханаларда рейдтік тексерулер жүр­гізіліп, нақтыланған 150 атаулы дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйым бағалары ба­қылауда.
Сонымен бірге, департамент басшысы доллар бағамының көтерілуіне байланысты дәрі-дәр­мек бағасы әзірге өспегенін, алайда жыл соңын­да қымбаттауы мүмкін екенін де жасырмады. Себебі, біздегі дәрілік заттардың проценті сырттан, яғни шет елдерден келеді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда дәрі бағасы 16 процентке көтерілген екен.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 460 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930