Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтті

Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтті

Мемлекет зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсетуге әзір. Белгілі топтағы азаматтарға қамқорлық – бұлжымас міндет. Осыған орай үстіміздегі жылдың 26 қазанында Әйтеке би кентіндегі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимаратында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов бастаған лауазымды тұлғалар және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
«Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында ел-халыққа көптеген міндет пен тапсырма жүктейді. Соның ішінде қоғамдағы кембағал жандардың өмірде өз орнын табуға септігін тигізіп келе жатқан әлеуметтік салаға ерекше маңыз беріп келеді.
Адамның шыр етіп келіп, қария болып өткенге дейінгі кезеңдегі барлық құжат сіздер арқылы атқарылады. Қоғамның түрлі топтарымен қилы жауапты жұмыстар жүгін қаймықпай көтеріп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерін алғы шепте жүрген әскерге теңер едім. Себебі алғы соққы қашан да сіздерге келеді», – деді Ә.Жарылқағанов.
Аудан әкімінің орынбасары бүгінгі таңда маңызды мәселеге айналып отырған жұмыспен қамту арқылы аудан көрсеткіші көрінетінін, бұл ретте аудан алдыңғылар қатарында екенін атап өтті. Дей тұрғанмен бүгінгіге тоқмейілсуге болмайтынын айтып, мереке иелеріне аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, бөлім қызметкерлерінің жай-күйіне қанығып, пікір-тілектеріне ден қойды.
Бұл күні бөлім меңгерушісі Совет Бабанаев халықты жұмыспен қамту мемлекеттің әл-ауқаты мен негізінде жатқандығын, өмір сүрудің сапасы, қоғамдық тұрақтылық пен мемлекеттің молшылығы көп жағдайда әлеуметтік қорғау саласының даму деңгейіне тікелей байланыстылығын алға тартты.
Бүгінде ауданда бұл бағытта түрлі салалық бағдарлама бойынша кең ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Аталған жүйенің басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Мұндай жұмысты атқаруда бөлім қызметкерлерінің еңбектері ересен екендігін атап өтіп, кәсіби мерекелерімен әріптестерін құттықтады.
Кеш барысында әлеуметтік саланың дамуына өз үлестерін қосып, әлеуетін арттырып отырған бір топ үлгілі қызметкер аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық филиалының алғысы, Қызылорда облысы мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаты және қаржылай сыйлығымен марапатталды.
Жиналғандар атынан сөз алған Өмірбек Өтемісұлы қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектері, жүрек жылуын ұсынып, халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірдей болған бөлімнің мерейі арта беруіне тілектестік білдірді.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
30 қазан 2018 ж. 3 777 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930