Алматыда студенттердің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Алматыда екі студенттің өліміне не себеп болғаны анықталды. Олар карбюраторды тазалауға арналған еріткіш буына уланып қалған деп хабарлайды КТК арнасы.
Алғашында студенттерді тамақтан улануы мүмкін деген күдікпен инфекциялық ауруханаға жеткізген. Артынша олар басқа ауруханадағы токсикологиялық бөлімге ауыстырылыпты. Дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан балалардың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмаған екен.
Марқұмдардың достары бұл жағдайға әлі сенер емес.
"Ол жақсы жігіт еді, жаман әдеттері жоқ болатын. Оның темір тұлпары да болмаған және мен ешқашан оның көлік жөндеп жатқанын естімеппін",- деді марқұмның досы.
Айта кетейік, көз жұмған жігіттер Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті студеттері болған. Олар туралы жоғары оқу орындарында да тек жақсы пікір айтып отыр. 1-курс студенттері заңгер болуды армандаған екен.
Қазіргі уақытта бұл іспен құқық қорға органдары айналысып жатыр.