Кімдер ұзақ өмір сүреді?
Өмір-табиғаттың адам баласына берген ең үлкен сыйы. Ғалымдар ұзақ жасаудың сырын зерттей келе, адамның 200-300 жыл өмір сүре алатындығын айтуда.
Алайда, өмірде болып жататын қиындықтар біздің ағзамызды шаршатып, жасушаладың «өлуіне» әкеп соғады. Оның ішінде экологияның экологияның тигізетін орасан әсерлері бар. Әркім өз өміріне дұрыс қараған жағдайда ғана оны ұзарта алады. Адам әрқашанда ұзақ әрі жақсы өмір сүруге талпынып келеді. Алайда, жылдар өте адам бойындағы биолгиялық функциялар төмендей бастады. Қытай медицинасында мынадай мысал кездеседі. 1795 жылы Жапония астанасы Токиоға бірінші министрдің шақыруымен 193 жастағы қарт шаруа Мамиэ келеді. Министр одан ұзақ жасаудың сырын сұрайды. Сонда ол: «Өз аталарымнан ұзақ жасаудың құпиясын үйрендім. Соны өмір бойы қолданып келемін»,-дейді қарт. -Біз жанұямызбен екі айда бір, яғни айдың алғашқы сегіз күнінде аяғымыздағы «Цзу-Сон-Ли нүктесін күйдіреміз». Осының нәтижесінде кемпірім 173-те, үлым 153-те, ал немерем 105-ке келді. Сол кезде министр қартты құрметпен күтіп, қонақ етеді әрі сый-сияпат беріп, шығарып салады. Арада 48 жыл өткенде Мамиэ Токиоға қайта келіпті. Сонда ол 241 жаста еді. Ал кемпірі 221-де, ұлы 201-де, немересі 153-те, оның әйелі 138-де екен. Солардың ешқайсысы да қалжыраңқы немесе ашушаң болып көрінбеген. Оның айтуы бойынша, адам бойындағы «Цзу-Сон-Ли» нүктесі-үзақ жасау нүктесі болып табылады. Бұл нүкте тізе көзінің астында орналасқан. Мұны анықтау үшін алақаныңызбен тізеңізді жапсаңыз, шынашағыңыз бен ортаңғы саусағыңыздың бастары аралығында екендігі айтылған. Айдың алғашқы күндері нүктені 30 минут бойы арнайы дайындалған шылыммен күйдіреді. Шылымның орнына сарымсақты қолдануға болады. Жаңғақтың бір бетіне үккіштен өткен сарымсақты толтырып, айтылған нүктеге қояды. Соны аяғыңыз күйіп, қызғанша ұстайсыз. Жасарту әдісі ағза үшін жаңа тыныс жолдарын ашады. Әрине, жасартудың жолы екен ғой деп, солай істей беруге де болмас. Себебі, бұл тәжірибенің қаншалықты әсер ететіні ғылымға белгісіз. Көпшілік кейде халық емшілігіне сене бермейді. 1912 жылы Түркістаннан шыңатын «Қара Құт» газетінде ұзақ жасаған он екі қарияның берген ақыл-кеңесі жарық көреді. Онда мынадай ережелер бар.
1. Таза ауада көбірек жүргеніңіз дұрыс.
2. Уақтылы демалып, ерте тұру керек.
3. Ұйқыңыз 6 сағаттан кем, 7 сағаттан артық болмасын.
4. Шай мен кофені аз ішіп, темекі мен арақты мүлдем тастағаныңыз абзал.
5. Етті аз жегеніңіз жөн.
6. Күнде таңертең ыстық ванна қабылдаңыз.
7. Киіміңіз шәйі матадан болмасын.
8. Бойдақ болсаңыз, үйленіңіз.
9. Өте ыстық жерлерден аулақ болыңыз.
10.Ішкі мүшелереңізді қалпына келтіру үшін малдың өкпе-бауырын, жүрегі мен бүйрегін көбірек жеңіз. Оған қосымша көз, тіл, құлақ және миды да пайдаланыңыз. Сөйтіп, өзіңіз үшін салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Жасыңыз қаншаға келіп тұрса да, «Мен қартайдым» деп айта көрмеңіз. Ол сіздің миыңызға күшті код болып еніп, кәрілікті тез келтіреді. Сонымен, өзіңізше тұжырым жасап көріңіз.
massaget.kz