Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көзіңіз неліктен жыпылықтай береді?

Көзіңіз неліктен жыпылықтай береді?

Көзіңіз ерікті-еріксіз жиі жұмылып, жыпылықтай бере ме? Онда бұл тек шаршағандықтан демеңіз. Көздің бұлшық еттерінің жұмысы бұзылғанда көз жиі жыпылықтайды. Оның бірнеше себебі бар.
1-себеп: күйзеліс
Көздің жиі жыпылықтауы күйзеліп жүргеніңіздің белгісі. Әсіресе көру қабілетіңіз нашар болса жыпылықтауы тіпті үдейді. Бойыңызды босатып, ұйқыңызды қандырып, демалу қажет.
2-себеп: ұйқының қанбауы
Күнделікті ұйқыңызды қадағалаңыз. Уақытында жатып, ұйқыңызды қандырып тұрыңыз. Сондай-ақ қосымша демалыс қажет.
3-себеп: көздің құрғауы
Көз жанары компьютер алдында көп отырса "суалады". Сонымен қатар көзге киетін линзалардың да зияны көп. Сондықтан компьютердің алдында таңнан кешке дейін отырмаңыз. Уақыт тауып көз дәрігеріне барыңыз.
4-себеп: көздің шаршауы
Ескірген көзілдіріктің өзі көзіңізді қатты шаршатады. Сондықтан алты ай сайын көзіңізбен бірге көзілдірігіңізді де көз дәрігеріне апарып, көрсетіп тұрыңыз. Компьютермен, смартфонмен жұмыс істегенде әр жиырма минут сайын көзіңізді сергітіп тұрыңыз.
5-себеп: кофеин
Бір-екі апта кофе ішпей көріңіз. Егер көзіңіздің жыпылықтауы азайса кофені қысқарту қажет.
6-себеп: ішімдік
Біраз уақытқа немесе біржола ішімдіктен бас тартыңыз. Себебі ішімдік те көз жанарына әсер етеді.
7-себеп: дұрыс тамақтанбау
Ағзада магний, т.б. заттардың жетіспеуі көздің жұмысын нашарлатуы мүмкін. Сол себепті тамақтану тәрбіне көңіл бөліңіз.
Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға тырысыңыз. Бұл ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.
Көздің жыпылықтағанына бей-жай қарамаңыз. Бұл жүйке жүйесіндегі ауытқушылықтардан да болуы мүмкін. Дереу дәрігерге жүгінген абзал.
03 қыркүйек 2018 ж. 3 576 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031