Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас айналу - қандай дерттің белгісі?

Бас айналу - қандай дерттің белгісі?

Расында, неге? «Жәй ғана әлсіздік қой», «шаршағаннан шығар», «ұйқым қанбаған, содан ғой», «тамақты дұрыс іше алмап едім...»көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден Дәрігерге ең көп қойлатын сұрақтың бірі – «Басым айнала береді? Неге?»
Шағымды әсіресе, әйелдер көп айтатын көрінеді. Бірақ еркектердің арасында да аз кездеспейді. Анығында солай ма? Мүмкін, сіз ойлағаннан да қауіп көбірек болар? Бас айналудың негізгі белгілері қандай? Бас айналу – әдетте, вестибулярлық аппараттың (адамның кеңістікте қандай күйде екендігін, дененің, бастың еңкейген, шалқайған және айналған т.б. түрлі жағдайдағы кезін сездіретін ағза, ол ішкі құлақта орналасқан) қызметінде патологиялық себептердің болуынан пайда болатын ауру. Оған қосымша белгілер де байқалуы мүмкін, әсіресе: қатты әлсіздік пен жеңіл сырқаттануды сезіну; жүрек айнуы; «суық тердің» шығуы; теңселе жүру; құсу; айналаның барлығы теңселіп тұрғандай немесе ішкі құрылыстары аударылып-төңкеріліп жатқандай әсерде болуы.
Бастың айналуы әртүрлі болады. Оны анықтау үшін қосымша қандай белгілер сездіңіз, соған қарай нақты себебін анықтауға болады. Сондықтан, дәрігердің алдына барғанша басыңыз айналғанымен қатар тағы қандай жайсыздық сездіңіз, оны да еске түсіруіңіз керек. Бас айналу – әртүрлі аурулардың ортақ белгісі! Ең бірінші, өте маңызды әрі қауіпті бас айналудың белгісі – мидың дертімен байланысты болады. Сол сияқты, бас айналу – адамның күйзеліске түскен сәттерінде де көрініс табады. Қан қоюланғанда немесе жүректе қандай да бір ақау болғанда бас айналуы мүмкін. Егер, бір қырыңызбен жатып басыңызды кері қарай тастағанда басыңыз айналып, жүрегіңіз айныса және қандай да бір абыржуды сезсеңіз, демек,сіздің құлақ ішіндегі лабринтте тексерілуге тиіс мәселе бар. Мұның соңы құлақтың естімей қалуына әкеп соғу мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бас айналудың белгісі білінісімен ТЕЗ АРАДА және МІНДЕТТІ ТҮРДЕ маманның тексерілуінен өтіп, себебін анықтаңыз. Сонымен қатар, ем алуыңыз керек! Қандай дерттерде бас айналу байқалады? Бас айналу – вегето-қантамырлы дистонияның бастамасы Бұл дерт қалыпты қан ағымының қызметін бұзып, әсіресе, жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Бұл жағдайды білікті дәрігердің көмегі және дер кезінде ем алу қажет. Уақытында ем шаралары жасалмаса, тек бас аналу ғана емес, одан да ауыр жағдайға ұшыратуы мүмкін. Қаназдық пен салмақ тастауға арналған диеталар – бас айналудың басты себептерінің бірі Ағзаға темір жетіспеушілік және диетаға жиі «отырудан» бас айналу пайда болады. Әдетте, жас қыздар мен әйелдер сымбатын қалыпқа келтіру мақсатында өзін құнарлы тамақтанудан ғана тежеп қоймай, ағзаға келіп түсетін көптеген пайдалы әрі қажетті минералдардан да қағады. Көбінесе, диеталық тағамдарда ағзаға керекті заттар аз болады.
Мамандардың пікірінше, қатаң әрі жиі ұстанатын диета адам ағзасына кері әсер етеді. Кейде мұндай жағдайлар айықпас дертке шалдықтыратыны бар. Мойын омыртқасының остеохондрозы – тағы бір себеп Егер омыртқадан ауыруды жиі сезінсеңіз, бұл – «отырып» істейтін жұмысыңыздың салдыранан болуы мүмкін. Остеохондроз – омыртқаның қисаюынан басталады. Содан барып омыртқалық қантамыр зардап шегеді де, нәтижесінде қысылып, миға баратын қан ағысын бұзады.
Аяқ астынан пайда болатын бас айналу – онкологиялық себеп болуы мүмкін! Ешқандай себепсіз, аяқ астынан бас айналу пайда болса (қосымша белгілерсіз), - тез арада дәрігердің алдына барыңыз. Мида ісік пайда болса, белгісі тек осылай болады. Жарақат алу Басыңызды ұрып немесе жарақаттап алған болсаңыз да, белгілерінің бірі – бас айналу болмақ. Әсіресе, жарақат алған соң дәрігер шайқалу диагнозын қойса, бұл оның себебін анықтай түседі. Тез арада «Жедел жәрдем» шақырыңыз, егер... Егер төмендегі белгілердің қайсыбірін байқасаңыз, тез арада дәрігер мамандарын шақыруыңыз керек: аяқ астынан әрі қатты әлсіздікті сезсеңіз; бас айналумен бірге көру қабілетіңіз нашарласа; аяқ астынан құлағыңыз тоқтаусыз шуылдап кетсе; бас айналып, сонымен бірге қатты ауырса; бас айналумен бірге жүрек айныса, құссаңыз. мұндай жағдайда жедел көмек қажет!
ernur.kz

09 қазан 2018 ж. 2 228 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930